ӘлеуметҚоғам

ПАРТИЯЛАСТАР ЭКОАКЦИЯҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың облыстар мен қалалардың көшелерді тазарту, көгалдандыру, абаттандыру науқанын бастау бойынша берген тапсырмасына орай бүгінде республикада «Таза Қазақстан» акциясы басталғаны белгілі. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұжымы сенбілікке шығып, филиал ғимаратының маңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Акцияның «Таза өлке» апталығында ұжым қызметкерлері ғимарат ауласын тазартып, қураған ағаштарды кесу, ағаш түптерін қопсытып, тал түптерін әктеу жұмыстарын жүргізді. Осынау игі шараға партияның 17 аймағындағы барлық филиал қызметкерлері де үлес қосып, өз аудандарында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.
Шара аясында партияластар әрбір ауыл тұрғынын өз ауласынан бастап тазалықты қалыптастыруға және сенбіліктерге белсенді түрде қатысуға шақырды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ТҮЛКІБАСТА ЭКОАКЦИЯҒА БАРЛЫҚ АУЫЛ ОКРУГТЕР АТСАЛЫСЫП ЖАТЫР

Алдыңғы

«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *