ӘлеуметҚоғам

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖАЛҒАСУДА

Өңірімізде еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың халқына қолдау және гуманитарлық көмек көрсету шаралары әлі жалғасын тауып жатыр. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен бұл игі істен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті де шет қалмады. Университет ұжымы мен студенттері қиын жағдайға тап болған отандастарымызға жан-жақты қолдау шараларын ұйымдастырды. Оқу орнының 500-ге жуық оқытушысы мен қызметкері бір күндік жалақысын қайырымдылыққа аударып, 4 млн теңгеден астам қаражат жинады.
Сондай-ақ, Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек түркиялық бауырлардың атынан қосымша 3 млн. теңге қаражат жіберді. Ал, оқу орнының «Актерлік өнер» мамандығының 2 курс студенттері арнайы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» атты қойылым сахналап, билет сатылымынан түскен қаржыны материалдық көмекке аударды.
Қазіргі таңда Жайық өзенінің суы тасып, Атырауда шұғыл түрде бөгеттер мен дамбы жасау жұмыстары басталып кеткені белгілі. Сол себепті жиналған қаржыны да Атырау облысының тұрғындарына жәрдем үшін жұмсауға шешім қабылданды. Осы орайда оқу орны атынан шұғыл түрде құрылыс-шаруашылық заттары сатып алынып, жүк көлігімен Атырау облысына жөнелтілді. Айта кетейік, оқу орны жіберген жәрдемді Х.Досмұхаммедов атындағы Атырау университеті қабылдап алып, жәрдем қажет орындарға жеткізуді үйлестіруде.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясы аудандық филиал төрағасы жергілікті журналистермен кездесті

Алдыңғы

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ АЛАҢЫНДА –ДІН ІСТЕР БАСҚАРМАСЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *