Сайлауалды бағдарламаны іске асыруда мектептер мен медицина ұйымдарының және оңалту орталықтарының құрылыстары жөнінде ақпарат берілді. Облыстық мәслихаттағы партиялық фракцияның жұмыс нәтижелері баяндалып, аманаттық депутаттардың ықпалымен шешілген нақты мысалдар айтылды, оның ішінде ауыр дертке ұшыраған балалардың емін қамтуда мақсатты қаржы бөлінуіне жасалған қадамдар жөнінде ақпар берілді.
Халықтың денсаулығын сақтау және балаларымызға сапалы білім беру – партиямыз белгілеген ең басты міндеттердің бірі екенін атап өткен Алтынсары Дүйсенбекұлы, партияның өңірлік филиалы мемлекеттік саясаттың басты ұстынына айналған салаларды әрқашан қолдауға дайын екенін білдірді. Бастауыш партия ұйымдары бұл бағытта белсенді ұстанымда болуы керектігіне назар аударып, осы салаларды жетілдіруге қатысты мәселелерді қоғамдастықпен, сала мамандарымен бірлесе талқылауға шақырды.
Жаңа жұмыс тәсілдерін енгізуде партияластарымыздан жаңа идеялар, тиімді ұсыныстар күтетінін мәлімдеді. Бастауыш ұйымдардың әлеуметтік желідегі белсенділігін арттырып, үздік жұмыс тәжірибесі бар, еңбегімен еленген азаматтарды ұжым мақтанышы, партия абыройы ретінде ілгерілетуге ұсыныс білдірді. Бастауыш партия ұйымдарының алаңдарында тұрғындардың депутаттармен жүздесулерін өткізіп, жергілікті аумақ тұрғындарын толғандыратын мәселелердің тиімді шешім табуына үлес қосуға үндеді.
Партияластарымызбен өткен кездесуде сөз алған партияның Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев ықпалды саяси күш ретінде «AMANAT» партиясы Парламентте басым орын алатынын мәлімдеп, бұл өз кезегінде қолданыстағы заң нормативтерін жетілдіруге орасан мүмкіндік беретінін айтты…
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫМЕН БАЙЛАНЫС БЕКЕМДЕЙ ТҮСЕДІ (-2-)

Comments