Партиямыздың негізі бастауыш ұйымдардан құралатыны белгілі. Мақсат ортақтығы, азаматтық ұстаным орайластығы, қоғам мен мемлекет алдындағы ортақ жауапкершілік пайымы – бізді біріктіретін талассыз таңдауымыздың өзегі болып табылады.
«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы 82 мыңнан астам азаматтың басын қосқан еліміздегі іргелі өңірлік партиялық құрылым болып табылады. Облыстың 17 аудан мен қаласында жұмыс жүргізетін филиалдарымыз 241 бастауыш партия ұйымдарын біріктіреді. Көп болып бірігуіміздің арқасында «AMANAT» — ең ірі, ықпалды саяси күшке айналды.
Партиямыздың түрлі көзқарастар мен ой-пікірлердің тоғысатын алаңы ретіндегі мәртебесін ілгерілетуде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиев бүгін Түркістан қаласындағы ірі бастауыш партия ұйымдары – Түркістан қалалық орталық ауруханасындағы «Салауат» және «№1 Арнайы кешен «Балабақша-мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі «Мейірім шуағы» бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесіп, партия айқындаған басымдықтардың іске асырылуы, партияның өңірлік филиалының жұмыс нәтижелері, сайлау алдында берілген уәделердің орындалуы жөнінде кең ауқымды мағлұмат берді.
Еркін форматта, мейлінше ашық мазмұнда өткен кездесулерде партиямыздың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Ардагерлерді ардақтайық» жобаларының нәтижелі көрсеткіштері баяндалды. «Құқықтық көмек» жобасы шеңберінде елді мекендерде атқарушы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарымен, қадағалаушы орган өкілдерімен, заңгерлік қауымдастықтармен бірлесе өткізіліп жатқан қоғамдық қабылдаулардың нәтижелі жұмыстары айтылды…
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫМЕН БАЙЛАНЫС БЕКЕМДЕЙ ТҮСЕДІ (-1-)

Comments