Каръерлік ауыр жүк көліктерінен жолдар мен көпірлерге зиян келіп жатқаны ескертіліп, бұл бағытта қашан тәртіп болатыны айтылды. Халықаралық автодәліздің Түлкібас ауданы бөлігіндегі жол тоннелінің қашан бітетіні, Сарыағаш ауданындағы айналма жолдың құрылысы, Ескі Сауран қалашығына баратын жол мәселесі қозғалды.
Облыстық маңызы бар жолдарды қалпына келтіруде Бәйдібек, Сарыағаш, Жетісай, Қазығұрт, Сауран, Отырар аудандарындағы жолдар мен көпірлердің ахуалы сөз болып, бұл бағытта салалық басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Сондай-ақ жиын барысында жол белгілері мен сызықтарын қолдануда заманауи технологиялық шешімдерді қолдану мүмкіндіктері, оның ішінде жарық-дыбысты жасанды жол кедергілерін бұрылысты жолдарда ғана емес, жүргізушінің қалғып кетпесі үшін тегіс әрі түзу жолдарға да орнату мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов партияның ерекше бақылауында тұрған №5 Жылуэнергоорталығын жаңғырту жұмыстарының барысын баяндады. Магистральды жылу құбырларын қайта құрылымдау, аулаішілік жылу жүйелерін ауыстыру бойынша атқарылған істерді баяндап, кезеңдік жұмыстардың алдағы жоспарларымен бөлісті. Қалаға қарасты Ащысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ елді мекендерінің экологиялық ахуалы бойынша қолға алынған бастамаларды таныстырды.
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Әлібек Плалов ауыл шаруашылық дақылдарына қаралған субсидия мәселесін түсіндіріп өтті. «Ауыл аманаты» бағдарламасының қаржыландырылуы туралы ақпарат беріп, бағдарламаны іске асыруда республикалық деңгейде қабылданып жатқан шешімдермен таныстырды. Облыстағы ағын су арналарының егін шаруашылығына дайындығы жөнінде «Тұран су» ШЖҚ мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының директоры Досхан Лесов сауалдарға жауап берді…
ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ӨТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЕКШЕЛДІ (-4-)

Comments