Жаңалықтар

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

2024 жылғы 4 сәуір күні облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.
Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы С.Көшенов жүргізді.
Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, тұрақты комиссия мүшелері Н.Әшіров, Т.Қаржауов, Т.Қалмуратов, Е.Ералиев, Н.Сейтжанов, С.Ералиев, С.Арыстанов, Ғ.Қапалбаев, Ж.Ағабеков, Г.Мәлікова, Е.Хандиллаев қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;
2. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/235-VII «Түркістан облысының басқару схемасы туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
3. Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №7/85-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы
24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
5. «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/129-VIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6. Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының 2023 жылы облыстық мәслихат және оның аппаратының қызметін ұйымдастыру жөніндегі есебі туралы;
7. Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2023 жылы атқарған қызметі жөніндегі есептері туралы;
8. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы №3/37-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, сессияның қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.

ВОПРОСЫ МАРКИРОВКИ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ ОБСУДИЛИ В ЖЕТІСУ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *