Бүгін Еңбекші ауданында Наурыз мерекесіне орай мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Д.Есілбекпен бірге мәслихат депутаттары қатысып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, қазақтың дәмді тағамдары әзірленіп, қазақи киіз үйлер тігіліп, тұрғындар үшін концерттік бағдарлама ұсынылды.
Күн мен түннің теңелуі, айдың жаңаруы, қазақтың Жаңа жылы дәстүрімізге сай аталып өтті. Ауданның ақсақалдары мерекелік жиында әрбір шаңыраққа құт-береке, татулық тілейтінін айтып ақ батасын берді.
Comments