ЖаңалықтарЖастар саясатыСпорт

Шымкентте әскери қызметшілер бөлім командирінің Кубогына додаға түсті

Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығарудың отыз бес жылдығы қарсаңында механикаландырылған бригадада бөлім командирінің кубогына «Қазақша күрестен» жарыс өтті. Жарысты өткізу алаңы 35748 әскери бөлімінің гарнизондық спорт кешені болды.

Кілемде тәжірибелі жауынгер-спортшылармен қатар, әскерге дейінгі күреспен айналысқан жас сарбаздар да қатысуға мүмкін болды. Жарысқа сегіз салмақ дәрежесінде әскери бөлім бөлімшелерінің құрама командалары атынан 80 әскери қызметші шықса, оның ішінде 18 мерзімді қызмет сарбазы болды.
Жарыста жауынгер-спортшылар біріншісінен соңғысына дейін жоғары дайындық пен лайықты нәтижелер көрсетті. Ал төрешілік қатаң тәртіпте, көрнекі бақылауды және бейнебақылауды қолданумен өтті.
Жарысты бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Айдос Исаев ашты. Ол ұжымның жауынгерлік дайындығы мен әскери рухын сақтау үшін осындай спорттық іс-шаралардың маңыздылығын айтып өтті.
— Біріншіліктің басты мақсаты әскери қызметшілердің дене дайындығын жетілдіру, оларда жеңіске деген ерік-жігер мен жоғары нәтижеге ұмтылу сияқты маңызды қасиеттерді дамыту болып табылады, — деп атап өтті подполковник Айдос Исаев.
Алты сағаттық қайсар рух, білек күші мен пысықталған техника жекпе-жегінде біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Жалпы командалық есепте артиллерия дивизионының әскери қызметшілері үздік нәтиже көрсетіп, ауыспалы кубоктың иегері атанды. Олардың артында екінші және бірінші мотоатқыштар батальондарының жауынгер-спортшылары орналасты. Жеңімпаздар командасы алдағы уақытта өтетін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері арасында өтетін жарыстарда механикаландырылған бригаданың намысын қорғайтын болады.
Өткен «Қазақша күрес» бойынша жарыстар спорттық рухты көтеруге ғана емес, әскери қызметшілер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға да себеп болады. Бұл шара барлығына Ауғанстандағы интернационалдық борышын өтеген кеңес жауынгерлерінің атаулы күнінің маңыздылығы мен олардың ерлігін еске салды.

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРЛЕРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *