Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаған жұмысшы топ Мақтаарал ауданында болып, шаруалармен кездесті. Ең алдымен Н.Есентаев елді мекенінде орналасқан «Қазақбай ата» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Аталған қожалықта жалпы 21,6 гектар егістік алқабы бар. Қазіргі таңда 6,5 гектар жерге ерте пісетін қырыққабат дақылын егу жұмыстары басталған. Алқаптарда бүгінде 50-ден астам диқан еңбек етуде. Егін екі айдың көлемінде өнім береді. Шаруалар қырыққабаттан соң маш пен жүгері өнімдерін екпек.
Сонымен қатар, Ермек Кенжеханұлы «Усербоев» ЖК жылыжайының жұмыстарымен танысты. Жылыжайда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 0,03 гектарға егін егілмек. Оның бірінші өніміне қияр егілсе, екінші өніміне қызанақ егу жоспарланып отыр.
Айта кетсек, қазіргі таңда аудан бойынша 200 гектар алқапқа ерте пісетін қырыққабат дақылы егілген. Ал жалпы 400 гектардан астам жерге егу жоспарланған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments