Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, арнайы мәжіліс өткізді. Мақсат – ауданды дамыту, мемлекеттік мекеме басшыларының жұмысын ширату. Актив отырысында мәселелер ашық әрі өткір айтылып, кемшіліктер сөз болды. Оларды шешу жолдары қаралды. Өңір басшысы нақты тапсырмалар берді.

– Биыл 10 айдың қорытындысымен аудан бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бюджетті игеру бойынша көрсеткіштер орындалмаған. Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту қажет. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 8 млрд. теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 71 пайызға ғана орындалған. Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары назардан төмен. Кәсіпкерлерге өз ісін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау керек. Бұл бағытта оң өзгерістерді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдансын. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр. Жаңа жұмыс орындарын ашу – аудан әкімі жұмысының басты көрсеткіштерінің бірі. Оның ішінде жастардың арасында жұмыссыздықты жоюға ерекше көңіл бөлу қажет. Туризмді дамытуға күш салынсын. Ауданның, ауылдардың санитарлық тазалығына, абаттандыруға мән беріңіздер. Жыл басында аудандағы бірқатар елді мекенді су басқан болатын. Осыған байланысты алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарды қатаң бақылауға алу қажет, – деді Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың баяндамасы тыңдалды. Ол ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Ауданда әкімшілік-іскерлік аумағындағы ғимараттар іске қосылған, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр.

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданның даму барысын зерделеу нәтижесінде анықталған деректер мен көрсеткіштер туралы айтты. Оның мәлімдеуінше, облыс әкімі аппараты тарапынан Сауран ауданының өзекті мәселелері талданып, бірқатар кемшілік анықталды. Сауран ауданында өңдеу өнеркәсібі өнімінің көрсеткіштері орындалмаған. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 140 млн. теңгеге немесе 27 пайызға төмендеген. 1-ші жартыжылдықтың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерліктің өнім шығарылымы 6 млрд. 144 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда күрт төмендей түскен.

Жиында аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына ауданның кіріс көздерін, өзіндік табысын ұлғайту, құрылыс нысандарын уақтылы әрі сапалы аяқтау, білім, денсаулық сақтау салаларында жұмысты жандандыру, кәсіпорындар ашу, инфрақұрылымды жақсарту жөнінде және өзге де тапсырмалар берілді.

Сауранда туризмді дамытып, осы саладағы табысты молайту міндеті де жүктелді. Тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТУРКЕСТАН: ДАНЫ КОНКРЕТНЫЕ ПОРУЧЕНИЯ ПО РАЗВИТИЮ САУРАНСКОГО РАЙОНА

Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды посетил Сауранский район с рабочим визитом и провел специальное совещание. Цель — развитие района, активизация работы руководителей государственных органов.

На заседании актива были открыто озвучены вопросы и недостатки, рассмотрены пути их решения. Глава региона дал конкретные поручения.

«По итогам 10 месяцев этого года по району не выполнены показатели по созданию новых рабочих мест, развитию малого и среднего предпринимательства, освоению бюджета. В Сауранском районе необходимо развивать сельскохозяйственную отрасль. В основной капитал сельского хозяйства привлечено 8 млрд тенге инвестиций, годовой план выполнен только на 71 процент. В районе ведется работа по развитию малого и среднего бизнеса. Для предпринимателей необходимо создать благоприятные условия для ведения бизнеса. Принять необходимые меры для обеспечения позитивных изменений в этом направлении. Уровень безработицы составляет пять процентов. Создание новых рабочих мест — один из главных показателей работы акима района. Особое внимание нужно уделить ликвидации безработицы среди молодежи. Приложите усилия для развития туризма. Уделите внимание санитарной чистоте, благоустройству сел. В начале года был затоплен ряд населенных пунктов. В этой связи необходимо взять на жесткий контроль подготовительные работы к предстоящему паводковому периоду, – сказал Дархан Сатыбалды.

На заседании был заслушан доклад акима района Максата Тангатарова. Он остановился на проделанной работе и дальнейших планах.

В районе введены в эксплуатацию здания административно-деловой территории, ведется работа по улучшению инфраструктуры сел.

Руководитель аппарата акима Туркестанской области Еркегали Алимкулов рассказал о показателях, выявленных в результате изучения хода развития района. По его словам, аппаратом акима области проанализированы актуальные вопросы Сауранского района, выявлен ряд недостатков.

В районе показатели продукции обрабатывающей промышленности не выполнены. Показатель по горнодобывающей промышленности и разработке карьеров по сравнению с прошлым годом составил 140 млн тенге, или 27%. По итогам первого полугодия субъекты МСБ выпустили продукцию на 6 млрд 144 млн тенге, что намного меньше по сравнению с прошлым годом.

На совещании акиму района и руководителям ответственных управлений даны поручения по увеличению источников доходов, собственного дохода района, своевременному и качественному завершению строительных объектов, активизации работы в сферах образования и здравоохранения, открытию предприятий, улучшению инфраструктуры и другие. Также поставлена задача развивать туризм и увеличивать доходы в этой области. Задания были внесены в протокол и взяты на контроль.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САУРАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Алдыңғы

ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН ҚЫРҒАУЫЛДЫ ҚОЛДА ӨСІРІП КӘСІП ЕТКЕН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *