АймақЖаңалықтарҚоғам

БРИФИНГ ӨТТІ

Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалында брифинг өткізді.

 

Ағымдағы жылдың 06 желтоқсанында Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысының орынбасары А. Әшімханов 2023 жылғы қаңтар, қараша айларында департаменттің атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша брифингте баяндады.

«Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 1401 өтінішті қарады 1323 өтініш қанағаттандырылды, оның 256 жазбаша өтініштер, басқа мемлекеттік органдарға қайта жолданғаны 64 өтініш, басшылардың жеке қабылдау 270, жедел желі 645. Сондай-ақ 11 ай ішінде 103 сауда субъектілеріне тексеріс ашылып, 289 800 теңгеге кәсіпкерлергеге айыппұл салынды.» — деді А. Әшімханов.

Ақпараттандыру жұмыстары бойынша тұтынушылардың құқықтарын түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірге 87 іс-шаралар өткізіліп, БАҚ беттеріне 76 мақала, департаменттің әлеуметтік желілеріне (Iinstagram, facebook) 1362 пост жарияланды.

Департаментпен қабылдаған шаралар нәтижесінде облыс тұрғындарына 40,1 млн теңгеден астам қаражат қайтарылған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылы 11 айында түскен шағымдарды салыстырғанда өсім екі еседен артқан. Қазіргі уақытта азаматтардан өтініштер тікелей мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ жедел желіге, ресми блогтарға және әлеуметтік желілерге түседі. Аталған бағыттың маңыздылығын ескере отырып, Департамент халықтың шағымдарын мұқият талдайды және оларға мемлекеттік органдар тарапынан жедел әрекет етеді.

Брифинг барысында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қызметшілері және брифингке қатысушылардың тарапынан тұтынушы құқығы бойынша әр түрлі сұрақтар қойылып, сұрақтарына департамент басшысының орынбасарынан қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Тұтыну құқығын бұзу туралы шағымды «е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштер қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы көмегімен беруге болады. Департамент мамандарының консультациясы тегін «жедел желі» телефондары арқылы жүзеге асырылады: 8-771-322-82-82, 8-778-984-84-48, +7-700-606-00-71, + 7-775-224 56-16, 8 707-347-38-76.

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚЫСТА ДА ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІЛІП ЖАТЫР

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *