Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

2023 жылғы 12 желтоқсан күні кешкі сағат 21:00-де Түркістан облысының таулы аймақтарында және Бәйдібек ауданында бұрқасын жел басталып, аяз күшейген болатын. Салдарынан Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, Батыс-Еуропа — Батыс-Қытай трассасы, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік, Шаян-Ағыбет-Шақпақ, Көксәйек-Ақсу-Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабылды.

Боран басталғаннан күннен бастап Түркістан облысының құтқарушылары жолда адасып кеткен 287 адамды құтқарды, оның 30-ы жас балалар.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа-райында және тәуліктің қараңғы уақытында алыс жолдарға шықпауға шақырады. Жолдардың жай-күйі туралы «Дәрмен» мобильді қосымшасынан білуге болады. Қар құрсауында жолда қалып қойған азаматтар 8-725-33-5-78-97, 102 жедел желілеріне хабарласу керек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

———

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТ СНЕЖНЫХ ЗАНОСОВ СПАСЕНО ОКОЛО 300 ЧЕЛОВЕК

12 декабря 2023 года в 21:00 в горных районах Туркестанской области и Байдибекском районе начался шквальный ветер, усилились морозы. В результате были перекрыты территории Байдибекского и Тюлькубасского районов, трасса Западная Европа — Западный Китай, Кошкарата-Жарылбас-Бірлік, Шаян-Агыбет-Шакпак, Коксайек-Аксу-Мынбулак.

Со дня начала метели спасатели Туркестанской области спасли 287 человек, которые заблудились на дороге, из них 30 — маленькие дети.

Департамент по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области призывает не выезжать в дальний путь в ненастную погоду и темное время суток. О состоянии дорог можно узнать в мобильном приложении «Дармен». Граждане, застрявшие в сугробах на дороге, должны обратиться на горячие линии 8-725-33-5-78-97 и 102.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Алдыңғы

ПАУЭРЛИФТИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР 5 МЕДАЛЬ АЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *