Жаңалықтар

Оқу-әдістемелік жиын: тәжірибе алмасу және жеке құрамды тәрбиелеудің жаңа тәсілдерін игеру

Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментте Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің мемлекеттік-құқықтық дайындық топтарының жетекшілерімен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Жиынға қатысушылар арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ жеке құрамды тәрбиелеу жұмысының жаңа тәсілдерімен танысу мақсатында өткізілді.

Әскери қызметшілер әлемдегі ахуалдар әсерінен жыл сайын жаңартылып жатқан оқу бағдарламасының ерекшеліктерін талқылап, соның ішінде әскери ұжымдарда жоғары моральдік және жауынгерлік рухты сақтаудың маңыздылығы мәселесін көтерді.

Офицерлер мемлекеттік-құқықтық даярлықтың әскери ұжымда құқықтық тәртіп жағдайына әсерін егжей-тегжейлі қарастырып, өзекті тақырыптар бойынша сабақтар өткізудің жеке тәжірибесімен бөлісті.

Техникалық тәрбие құралдарын пайдалана отырып, сабақтарды дайындау және өткізу әдістемесіне, сонымен қатар жеке құраммен тәрбие жұмысын дайындау әдістемесіне де ерекше назар аударылды.

35748 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Ренат Калидолдин атап өткендей, бұл пән Қарулы Күштерде оқыту, ақпараттандыру және тәрбие жұмысында маңызды орын алады.

— МҚД бойынша сабақтарда әскери қызметшілерге мемлекеттік жүйенің негіздері, Конституцияның негізгі ережелері жеткізіледі және түсіндіріледі, оларда Отанды қорғауға, әскери антқа адалдыққа саналы дайындық қалыптасады, сонымен қатар құқықтық мәдениетке оқыту жүргізіледі, — деп толықтырды подполковник Ренат Калидолдин.

Айта кетсек, мемлекеттік-құқықтық дайындық — бұл жеке құраммен тәрбие жұмысының маңызды нысаны, оның негізгі мазмұны әскери қызметшілердің барлық санаттарына патриоттық, адамгершілік, әскери, құқықтық, экологиялық және экономикалық тәрбие беру болып табылады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Түркістан облысында 13 мыңнан астам шетелдік автокөлік қазақстандық нөмір алды

Алдыңғы

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ – САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *