Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында Низамабад елді мекеніндегі «Ecoinvest S.A» ЖШС жылыжайына барды. Жобаның құны 7,5 миллиард теңгені құрайды. Жылыжай жылына 6000 тонна қызанақ, ал 2 кезең іске асқанда 12 000 тонна өнім береді.

Айта кету керек, жылыжай шетелдік инвестиция көздері арқылы жүзеге асырылған. Екінші кезең іске қосылғанда 320 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бүгінде кәсіпорында 170 қызметкер жұмыс істейді. Өңір басшысы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарды, осындай жобаларды көбейтуді тапсырды.

Облыс әкімі аудан орталығы Ақсукентте орналасқан «Белсенді ұзақ өмір орталығының» салтанатты ашылуына қатысты. Аталған орталық мүгедектігі бар зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартады. Сонымен қатар, адамдарды және зейнеткерлік жастағы азаматтарды медициналық емес сипаттағы сауықтыру іс-шараларымен қамтамасыз етпек. Мамандардың айтуынша, бұл орталықтың мүгедектігі бар адамдардың және зейнеткерлік жастағы адамдарды физикалық және психикалық қолдауда маңызы айрықша.

Дархан Сатыбалды Манкент ауылдық округіндегі жаңадан ашылған «Өзге» спорт кешенінің жұмысымен де танысты. Аталған нысанның құны 770 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мемлекеттен 170,0 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Бүгінде 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде.

Іссапар барысында облыс әкіміне мемлекеттік гранттар арқылы кәсібін бастаған тұрғындардың өнімдері таныстырылды. Ауданда шағын кәсіпті дамыту жұмысы жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

————-

ТУРКЕСТАН: В САЙРАМЕ ОТКРЫЛСЯ ЦЕНТР АКТИВНОГО ДОЛГОЛЕТИЯ

Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды в ходе рабочей поездки в Сайрамский район посетил тепличный комплекс ТОО «Ecoinvest S.А». Стоимость проекта — 7,5 млрд тенге. Теплица производит 6000 тонн помидоров в год, а при реализации второго этапа это будут 12 тысяч тонн. Теплица запущена за счет иностранных инвестиций.

При запуске второго этапа постоянной работой обеспечат 320 человек. Сегодня на предприятии трудятся 170 сотрудников.

Глава региона поручил усилить работу в сфере сельского хозяйства и предпринимательства и реализовывать больше таких проектов.

Дархан Сатыбалды принял участие и в торжественном открытии Центра активного долголетия в районном центре — Аксукенте. Центр направлен на улучшение качества жизни граждан пенсионного возраста и людей с инвалидностью. Здесь будут предоставлять оздоровительные услуги и проводить мероприятия развлекательного характера.

По словам специалистов, такие центры имеют особое значение для физической и умственной поддержки людей с инвалидностью и пенсионного возраста.

Д. Сатыбалды также ознакомился с работой нового спорткомплекса «Озге» в Манкентском сельском округе. Стоимость объекта — 770 млн тенге. В рамках программы «Экономика простых вещей» государство оказало предпринимателю помощь в размере 170,0 млн тенге. В спорткомплексе работают 15 человек.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЗАМАНАУИ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ 

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *