ӘлеуметЖастар саясатыҚоғам

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»

Әлеумет деген қазақ жұртының түсінігіндегі терең мағынасы бар сөз. Егер жәй ғана мысал керек болса, елімізде «Отан — отбасынан басталады»  деген асыл сөздеріміздің өзінің әлеуметке қатысы бар.

Қазіргі таңда, XXI ғасырда пайдаланбаса өмір сүре алмайтын бірнеше заттар тізімі бар, соның ішінде, әсіресе, ұялы телефон, интернет желісі және қолайлылық. Яғни, оларға қоса толығырақ айтсақ: таза су, тағам мен әрине, жылу.

Елімізде үйімізді жылытуда газды әр отбасы қолданады. Тіптен тағамдарды дайындауда да,  шәй ішуге керекті суды қайнатқанда да бәріміз  «көгілдір отынды» пайдаланамыз. Сондағы біздің өмірімізді жаұсарту мен жан тыныштығымызға керекті нәрселердің бірі — мұнай-газбен еліміздің қамтылуы.

Мен мектепте оқып жүрген кезде біздің ауылда, біз тұратын көшелерге газ жүргізілмегендіктен күз келе үйдегі жағдайлар өзгеретін. Себебі, от жағу және cуық үйге кірісімен тағам дайындаудың өзі бір хикая болатын. Міне, бірнеше жылдан бері үйге газды кіргізгелі өте ыңғайлы болып қалды.

Бірақ, осы сәтте айтқым келетіні, таңғы 6 мен 7 аралығында ауаның ластануы. Себебі біздің үй орналасқан аумақта мұнай-газ зауыты болғандықтан, таңғы сағат алтыда, халық ұйқысынан оянып жатқанда газ қалдығын  шығарады.  Сонда таңертең жұмысқа бару үшін немесе  ерте таза ауа жұтуға далаға шықсақ, таза ауа сезілмейді. Осы өкінішті…

Әрине мен зауыт құрылысының жұмысын білмеймін, әрі ауа 1 сағаттан аса уақытта тазаланып қалады. Айтқым келетіні, экономикада әлеуметтің орны маңызды. Таяқтың екі ұшы болатынын ұмытқанымыз да дұрыс емес. Бұл әлеумет үшін бір жағынан пайдалы,  бірақ денсаулық үшін зиян. Меніңше, қазіргі таңда жанында жүрген жандардың қадіріне мән  бермейтін адамдар өте көп.

Айта кететін болсақ, ата-ана қадірін білмейтіндер, денсаулықтың, табиғаттың және тағы басқа. Ақиқатында біз бардың қадірін біле бермейміз.

«Әлеумет – қоғам айнасы», бірақ сол қоғамда мейрімділігі жоқ, қолында бардың қадірін білмейтіндер көп. Көпке топырақ шашқым келмейді.

Десек те: «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді, Бір жақсы мың қолды ерітеді» деген сөзден-ақ түсіне берсек болады емес пе?

Сол себепті, егерде сіз мұғалім, ата-ана, белгілі бір жерде бастық, үйдің үлкені, достар арасында сыйлы болсаңыз, табиғатты аялау мен қоқысты орнымен тастау жайында өз ортаңызда ұмытпасаңыздар.

«Шеврон» корпорациясы 1873 жылдан бері өзінің жұмысын атқарып келе жатқан аса ірі мұнай компанияларының бірі. Мұнай-газ өнеркәсібі қызметінің барлық салаларында өз белсенділіг мен іскерлілігімен танымал.

Әрі еліміз Қазақстандағы ең ірі жеке меншік мұнай өндіруші компания болып саналатыны бәрімізге мәлім. Тіптен интернет желісінде «Шевронның» Атырау облысы бойынша қауіпсіздік техникасы жөніндегі менеджері Вячеслав Кондрашихин сауалдарға жауап берген кезіндегі өзім түртіп алған бір жері бар. Ол:

 — «Шеврон» секілді ірі компанияда қауіпсіздік техникасы деген нені білдіретінін қарапайым халыққа түсіндіріп айтып бере аласыз ба?«-деген сұрақ.

Ал жауабы: ««Шеврон» үшін қызметкердің өмірі мен денсаулығы маңызды. Компаниямыздағы қауіпсіздік техникасы – жұмысшыларға еңбек міндеттерін орындау барысында қауіпсіз жағдай жасауға арналған үлкен жұмыс. «Шевронның» әлемдік тәжірибесі бар, сондықтан ол еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында алдыңғы қатарлы технологиялар мен инновациялық дүниелерді зерттеп, талдап отыруды еш тоқтатпайды. Бұл соңғы үлгідегі жүйелер мен қорғаныс құралдарын кәсіпорында тұрақты түрде енгізіп отыруға мүмкіндік береді. Бізде еңбек қауіпсіздігі саласында саясаттар әзірленген, мердігер ұйымдарды басқару процестері енгізілген, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуге арналған барлық қажетті нұсқаулық пен әдістеме бар.«-дегені еді.

Сондағы еліміз тұрғындарының денсаулығы мен өмірі бірінші орында болған жағдайда, неліктен табиғат ластау, ауа ластау, жұмыскерлердің  жасының қысқаруы факторларына да аса мән берілсе деген ойлар.

Олардың 5 құндылығы туралы көпшіліктің бірі білсе, бірі білмес. Бұл — өзгеше жұмыс жүргізу мәдениеті. Олар сол мәдениетті құндылыққа айналдырған.

Қысқа әрі нұсқа атап өтсек, олар:

Заңды құрметтеуі. Нәтижеге әділ, дұрыс жолмен қол жеткізуі.

«Шеврон жолында» атты мақалада өз нақты мақсаттарын көрсетіп өткен. Әрі ұжымның кәсіби деңгейін ұдайы арттыру мен өндірістің жоғары көрсеткіштері арқасында баршаның ықыласына бөлену — басты мақсат.

Осы құндылықтарды ұстану көптеген жұмыс орындарында, жеке меншік бизнес иелерінде  болса ғой деген арман.

30 жылдық қызметтері ары қарай жемісін әкеле бергей. Бірақ бәріміз жеміс деп, жеңіс деп, табиғатты қорғауды, әлеуметті сақтауды ұмытпасақ екен…

Жанерке Оралбек Әлиасқарқызы

“ЕРКІН СӨЗ — 2023”

Алдыңғы

Кулинарные сцены Измира и Бодрума блестяще вошли в путеводитель MICHELIN 2024 по Стамбулу, Измиру, Бодруму

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *