БизнесЖаңалықтарҚоғам

ЖАҢА ЗАЛМЕН ТОЛЫҚҚАН «ӘСЕМ»

Еркелеп елітетін қылығымен,

Талайды тамсандырған бұрымымен,- деп басталатын өлең жолдарындағыдай, қай заманда болмасын иығынан қос бұрымы төгілген әсем арулардың сырт келбеті оның өзі жайлы қоғамда жағымды пікір қалыптастыратын ең басты фактор екеніне ешкімнің дауы бола қоймас.

«Гүл өссе, жердің көркі, қыз өссе, елдің көркі», – деген халқымыз келбеті көрген жанды тамсандырмай қоймайтын нәзік жандыларды қашанда қадірлеп төріне шығарған ғой.

Бүгін біз жақында қыз-келіншектерге қызметтің барлық түрін көрсететін жаңа залмен толыққан, Көксу ауданының орталығы Балпық би кентінде қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан атамыз: «Сырық мойын, біз мұрын, Шіркін, тұздай көзіңіз… Сізге кім ғашық болмасын? Мәселен, біз өзіміз…» дегеніндей арулардың сұлулығына сұлулық қосып, клиенттерінің күн сайынғы талабына сай келбеттерін түрлендіріп, әдемілік сыйлап жүрген «Әсем» сән салоны жайында айтпақпыз.

Ағымдағы қазан айының 26 күні, Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Көксу – Қаратал аудандары филиалдарының директоры Фархат Құсайынов, филиалдың мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесшісі Калиекова Макира Болатханқыздармен бірге салонға арнайы барып, басшысы Бұлқарова Айсұлу Мақсатқызына жұмыстарына сәттілік тілеп қайтқан болатынбыз.

Айсұлу Мақсатқызы:

— Тек қыз-келіншектерге қызметтің барлық түрін көрсететін, көптің көңілінен шығатын салон ашу көптен ойымда жүрді. Бірінші Алланың, екінші Атамекеннің қолдауларымен арманым жүзеге асты. Салонға келген адам шаш пен қасты қиып, тырнағын бояп, кірпігін ұзартып хас сұлуға айналып шығады. Қазір қарапайым қонаққа бару үшін салон қызметіне жүгінетін болдық қой. Менің мақсатым – әр тұтынушыға сапалы қызмет көрсету. Бүгінгі күні жаңа ашылған залға 20 қызды тұрақты жұмысқа алдым, – деді.

Менің отбасым және мен: Шымкентте әскери қызметшілер жарыс өткізді

Алдыңғы

ЖАҺАНДАНУДЫҢ ЖАСТАРҒА ТИГІЗЕР ӘСЕРІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *