АймақЖаңалықтар

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА АБУ-ДАБИ ӘУЕ БАҒЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 

Биыл қараша айында Түркістан халықаралық әуежайына «Wizz Air» компаниясының «AirBus 321» әуе рейсі Түркістанға қонады. Бұл Түркістан–Абу-Дабу әуе бағытының алғашқы рейсі. Аталған бағыттағы рейс аптасына 3 рет қатынайтын болады. Бұл туралы бүгін брифингте Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайы 2 халықаралық (Ыстамбұл, Эль-Кувейт) және 6 республикаішілік (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды) әуе бағыттарына қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, басқарма басшысының айтуынша, биыл облыс бойынша 1 586,4 шақырым жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жыл қорытындысымен 1 282,8 шақырым жол пайдалануға берілмек.

— Биыл облыстық маңызы бар 246,6 шақырым жол мен 2 көпір, аудандық маңызы бар 79,5 шақарым жол, елді мекендерден 956,7 шақырым жол пайдалануға беріледі. Ірі жобалардың бірі Түркістан-Шәуілдір бағытындағы 64,1 шақырым жолдың 52,7 шақырымында қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Түркістан қаласының әуежайы мен Кентау қаласын қосатын 26 шақырым жол 2023 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланған. 2023 жылдың қорытындысымен облыстағы жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 93%-ға жеткізу көзделуде, — деді Қуатжан Әзімбайұлы.

Жолдардың сапасын техникалық қадағалаушы мекемелерден бөлек, Ұлттық сапа орталығының Түркістан облыстық филиалының тұрақты бақылауында. 2023 жылы нысандарға 105 рет аралау жұмыстары жүргізіліп, 698 дана сынама алынған. Нәтижесінде 24 кемшілік анықталып, 16 кемшілік толығымен қалпына келтірілсе, 8 ақау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

______

В ЭТОМ ГОДУ ЗАПУСТЯТ ВОЗДУШНЫЙ МАРШРУТ ТУРКЕСТАН – АБУ-ДАБИ 

В ноябре этого года в Туркестане приземлится борт «AirBus 321» компании «Wizz Air» в Международный аэропорт Туркестана. Это первый рейс авиарейса Туркестан–Абу-Дабу. Рейс по данному маршруту будет курсировать 3 раза в неделю. Об этом сегодня на брифинге сообщил руководитель Управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог Туркестанской области Куатжан Жуматаев.

Кроме того, в настоящее время Международный аэропорт Туркестан обслуживает 2 международных (Стамбул, Эль-Кувейт) и 6 внутриреспубликанских авиалиний (Астана, Алматы, Актау, Актобе, Уральск, Караганда).

Кроме того, по словам руководителя управления, в этом году по области ведутся строительно-ремонтные работы на 1 586,4 км дорог и улиц. По итогам года планируется ввести в эксплуатацию 1 282,8 км дорог.

— В этом году будет введено в эксплуатацию 246,6 км дорог и 2 моста областного значения, 79,5 км дорог районного значения, 956,7 км дорог населенных пунктов. Одним из крупных проектов является реконструкция 52,7 км из 64,1 км дороги Туркестан-Шаульдер. Также в октябре 2023 года планируется ввести в эксплуатацию 26 километров дорог, соединяющих аэропорт города Туркестан и город Кентау. По итогам 2023 года планируется довести долю дорог в области в хорошем и удовлетворительном состоянии до 93%, — сказал Куатжан Азимбаевич.

Кроме учреждений технического надзора за качеством дорог, Туркестанский областной филиал Национального центра качества находится на постоянном контроле. В 2023 году проведено 105 посещений объектов, отобрано 698 проб. В результате выявлено 24 дефекта, 16 полностью устранены, по 8 дефектам ведутся соответствующие работы.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 76 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

Алдыңғы

ЕЛІМІЗДЕГІ АГРОҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ 33 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *