АймақЖаңалықтарСпорт

ТҮРКІСТАН: ҰЛТТЫҚ СПОРТ ЖАНАШЫРЛАРЫНА «ҚАЗЫҒҰРТ ТҰҒЫРЫ» СЫЙЛЫҒЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық Көкпар федерациясының ұйымдастыруымен «Қазығұрт тұғыры» атты мерекелік іс-шара өтті. Айтулы шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, түркі халықтарының дәстүрі мен өнерін, ептілігі мен тектілігін, бірлігі мен ерлігін паш ететін көкпар ұлттық спортын дәріптеп жүрген ел ағалары мен шабандоздарды мерекелерімен құттықтады. Арнайы Алғыс хаттар табыстап, әлі талай дүбірлі додаларда білекті де жүректі жігіттерінің мерейі үстем боларына сенетінін айтты.

Шараның мақсаты – атадан қалған дәстүрді жалғап, ат баптау, көкпар тарту секілді ұлттық спорт ойындарын кеңінен дәріптеп, көкпар ұлттық ойынында көптеген жетістікке жеткен аға буын өкілдерін бүгінгі ұрпаққа үлгі етіп, сый-құрмет көрсету. Сондай-ақ игі шара барысында өткен жылдың қорытындысы бойынша халықаралық дәрежеде, республикалық деңгейлерде, қала берді облыс және аудандық додаларда көкпар тартып, ел мерейін асырып жүрген шабандоздарды, үздік атбегілер мен төрешілерді марапаттап, ынталандыру сыйлықтарын табыстады.

Айта кетейік, осы күнге дейін Астана қаласында өткен «Алтын тұғыр» және Түркістан облысында болған «Тұран тұғыры» іс-шарасының жалғасы ретінде ұйымдастырылған «Қазығұрт тұғыры» шарасы өңіріміздегі аудан-қалалар арасында алғаш рет Киелі Қазығұрт ауданында тойланып отыр. Осындай ізгі шара алдағы жылдары да жалғасын табатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТУРКЕСТАН: НАЦИОНАЛЬНЫМ СПОРТИВНЫМ БОЛЕЛЬЩИКАМ ВРУЧЕНЫ ПРИЗЫ «ҚАЗЫҒҰРТ ТҰҒЫРЫ»

Казыгуртская районная федерация кокпара провела праздничное мероприятие «Казығұрт тұғыры». В мероприятии принял участие аким района Азизхан Исмаилов, который поздравил с праздником спортсменов, прославляющих традиции и искусство тюркских народов, их ловкость и благородство, единство и мужество. Он вручил кокпарщикам специальные благодарственные письма.

Цель мероприятия — почтить традиции предков, популяризировать национальные спортивные игры, отдать дань уважения представителям старшего поколения, добившихся успехов в кокпаре.

Также в ходе мероприятия наградили лучших всадников по итогам прошлого года, занявших призовые места на международном, республиканском, областном и районном уровне, а также судей. Им были вручили поощрительные призы.

Отметим, мероприятие «Қазығұрт тұғыры», организованное как продолжение мероприятия «Алтын тұғыр» в Астане и «Тұран тұғыры» в Туркестанской области, впервые проводится в сакральном Казыгуртском районе. Такая добрая акция будет продолжена.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАНДА ҚАЛА ӘКІМІ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Алдыңғы

«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *