Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында Өңірлік кеңес мүшелері бас қосты.
Жиында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Алмаханұлы модераторлық етті. Күн тәртібінде «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының XI съезіне Өңірлік кеңестен делегаттарды сайлау мәселесі талқыланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өңірлік кеңестің сайланған 13 мүшесі кезекті съезге делегат ретінде қатысатын болады. Алқалы жиын 17 қараша күні Елордамыз Астана қаласында өтпек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments