Жаңалықтар

🔹ОТАНДАСТАР ФОРУМЫ – 2023🔹

🖇️«Қазақстан және отандастар: ортақ мұрат жолында»
📌Өтетін уақыты: 11 қазан 2023 жыл.
📌Өтетін орны: «Rixos President Astana» қонақ үйі

🖇️«Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз» ©️(ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев)

🔹Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Шетелдегі қандастарымызбен тығыз қарым-қатынас орнатып, рухани байланысты нығайта береміз. Бұл мәселе – менің жеке назарымда», – деген сөзі еліміздің шетелдегі отандастармен байланыстарының тиімділігін одан әрі арттыру қажеттігін білдіреді.

🔸Мемлекет басшысының месседжі аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстанда шетел қазақтарының «Отандастар Форумы» атты кезекті басқосуын ұйымдастырады.

🔹Форум – шетелдегі этникалық қазақтармен өзара байланысты жетілдіру және оларды еліміздің тұрақты дамуына үлесін қосу жолдарын қарастыратын жаңа форматтағы басқосу алаңы.

🔸Форумға шетелдегі 200-ге жуық қазақ ұйымдарының басшылары, белсенді және танымал тұлғалармен қатар, отандық ғылым, білім, мәдениет, спорт, бизнес, медиа, саясат, қоғамдық ұйымдар және басқа да салалардың көрнекті өкілдері мен белгілі қайраткерлерінің қатысуы күтілуде.

🔹Форумның мақсаты – шетелдегі қазақ ұйымдарымен өзара түрлі ынтымақтастық мәселелерін талқылау; еліміздің жаңа кезеңдегі мемлекеттік саясатымен және саяси-экономикалық реформаларымен, сондай-ақ ұлттық руханиятқа қатысты заманауи трендтермен таныстыру; шетелдегі қазақтарды қолдауда Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты, шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанда сапалы білім алу және өз қабілеттерін іске асыру, сондай-ақ елге көшіп келетін қандастарға мемлекет тарапынан қабылданып жатқан қолдау шаралары туралы ақпараттандыру.

🔸Форум аясында «Ел дамуындағы қандастардың рөлі», «Отандастардың интеллектуалдық әлеуеті – ұлттық құндылықтарды ілгерілету драйвері», «XXI ғасырдағы қазақ тілі және бүгінгі мүмкіндіктері», «Медиа және заманауи трендтер» тақырыптары бойынша сессиялар және «Отандастар Қоры» КеАҚ жаңа жобалыр тұсаукесері мен «Тайқазан» форумныі қорытынды сессиясы өтеді.

🔹Осы орайда еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, журналистер қауымын «Отандастар Форумына» белсенді қатысуға шақырамыз.

📌Форумға қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, оған қатысу шақырту арқылы жүзеге асады.

🤝«Отандастар» форумы  Бас серіктес – «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қолдауымен өтуде

🤝Форумның Титулды демеушісі –       «Sine Midas Stroy» құрылыс компаниясы;

Демеуші:
▪ «Rixos President Astana» қонақ үйі;
▪ ЖШС «СHİ»;

📌Тіркеліп, қосымша ақпарат алу үшін:

Телефон: +7 708 631 17 96 (Нұрымжан Қасымұлы);
+7 708 537 5710 (Гүлнар Абайқызы);
📨Почта: forumotandastar@gmail.com

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar #Otandastarforum2023 #Astana

🔹ФОРУМ ОТАНДАСТАР – 2023
«Казахстан и соотечественники: вместе к общей цели»🔹

📌Время: 11 октября 2023 года
📌Место: отель «Rixos President Astana»

🖇️«Объединить соотечественников по всему миру на родной земле — наш священный долг» ©️(Президент РК К.К. Токаев)

🔹Слова Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, — «Мы будем всесторонне развивать отношения и укреплять духовные связи с нашими соотечественниками – қандасами. Этот вопрос на моем личном контроле», -сказанные на Национальном курултае в Туркестане в 2023 году подтверждают необходимость дальнейшего повышения эффективности взаимодействия нашей страны с соотечественниками за рубежом.

🔸В рамках месседжа Главы государства при непосредственной поддержке Министерства иностранных дел Республики Казахстан Некоммерческое акционерное общество «Фонд Отандастар» организует в Казахстане очередную встречу зарубежных казахов под названием Форум «Отандастар».

🔹Форум – это площадка в новом формате для встречи с зарубежными этническими казахами по поиску путей совершенствования взаимных контактов и вовлечения их в устойчивое развитие Казахстана.

🔸В данном форуме вместе с зарубежными руководителями казахских объединений за рубежом, активистами и известными личностями, составляющими около 200 человек, ожидается также участие видных деятелей и представителей отечественной науки, образования, культуры, бизнеса, медиа, политики, общественных организаций и других сфер.

📌Цель Форума – обсуждение различных вопросов взаимного сотрудничества с казахскими организациями за рубежом; ознакомление с государственной политикой и политико–экономическими реформами страны на новом этапе, а также современными трендами, касающимися вопросов этнической идентичности, культуры, духовности; информирование о политике поддержки казахов за рубежом,  о мерах поддержки, принимаемых государством в отношений желающих переехать в страну и по получению зарубежной казахской молодежью качественного образования и реализации своих способностей в Казахстане.

🔸В рамках форума пройдут сессии по темам: «Роль кандасов в развитии страны», «Интеллектуальный потенциал соотечественников – драйвер продвижения национальных ценностей», «Казахский язык в XXI веке и его современные возможности», «Медиа и современные тренды», а также презентация новых проектов «Фонда Отандастар» и заключительная сессия «Тайказан».

🔹В этой связи приглашаем представителей средств массовой информации, журналистов принять активное участие в Форуме «Отандастар».

❗️❗️❗️Поскольку количество участников Форума ограничено, участие в нем осуществляется только по специальному приглашению.

🤝Генеральный партнер Форума – Общественный фонд «Altyn Qyran Foundation»

🤝Титульный спонсор Форума         –        Строительная компания «Sine Midas Stroy»

🤝Спонсоры:
▪️Отель «Rixos President Astana»;                 ▪️ТОО «СHİ»;      

📌Для регистрации и получения дополнительной информации:

Телефон +7 708 631 17 96 (Нурымжан Касымулы),
+7 708 537 5710 (Гульнар Абайкызы)
+7 775 510 51 91 (Алжан Нұрланұлы)
📨Почта: forumotandastar@gmail.com

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar#Otandastarforum2023 #Astana

ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ МҮШЕЛЕРІ «АТАМЕКЕН» ҰКП-НЫҢ XI СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА ШҰЛЫҚ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *