АймақЖаңалықтарҚоғамЭкономика

ТЕОРИЯНЫ ӨНДІРІСПЕН ҰШТАСТЫРУ

Еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі білім беру үрдісін ұйымдастыру кезінде жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды мен білімді нақты өндірістік жағдайларда сынайтын өндірістік тәжірбиелердің теориялық білім беруден алшақтап кетуі. Бүгінгі біз өмір сүретін қоғамның болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Себебі қоғамды білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің бірден — бір кепілі екені айтпасақта түсінікті жайт. Осыған байланысты жалғыз біздің ел ғана емес, әлем бойынша орта кәсіптік білім беру мекемелеріне қойылған басты міндет – жұмыс берушілер мен оқу орындарының күшін біріктіріп, заман талабына сай білікті мамандармен кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кезде әлем бойынша техникалық және кәсіптік оқыту орындарында кәсіби мамандар даярлау кезінде ең тиімді жол болып табылатын негізі алғаш Германияда қаланған, теорияны өндіріспен ұштастыратын, тиімділігі мен нәтижелілігін тәжірибеде дәлелденген оқыту технологиясы — Дуалды оқыту.

Мақсаты – техникалық, кәсіптік оқу орындарының жеке сектордағы жұмыс беруші мекемелерімен серіктес ретінде бірлесе отырып, нарық заманына сай бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандар даярлау. Оқыту жүйесінің артықшылығы студентер уақытының үштен екі бөлігінде еңбекпен өндірістен қол үзбей тәжірбие алса, тек қалған үшінші бөлігін ғана теориялық оқуға арнайды.

Осы бағытта бүгін ағымдағы Қыркүйек айының 27 күні Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалының ақпараттық алаңында филиал директоры Құсайынов Фархаттың, Бастөбе сервистік — техникалық колледжі директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Маштакова Райгүлдің, колледжбен іскерлік қарым — қатынас жасап, серіктес болуға, дайындап жатқан мамандарын өз мекемелерінде тәжірибеден өткізуге дайын кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу өтіп, үш жақты келісім шартқа қолда қойылды.

Аудандық Кәсіпкерлер Палатасының директоры Құсайынов Фархат:

— Кезінде әйгілі Махмуд Қашғари «Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр, Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр » деп айтқандай болашақ өз істерінің мамандарын «Дуалды оқыту» жүйесінің аясында тек кәсіпте ғана емес өмірлері үшінде керек болар жақсы тәрбие бере алатын үлгі боларлық кәсіп иелерінде тәжірибеден өткізу тамаша жетістік деп санаймын. Тағы бір тоқталып айта кететін жайт бүгінгі кездесу барысында ауданымызда орта мектеп мектеп асханаларын сенімгерлік басқару жобасы аясында жалға алып, балаларды тегін тамақпен қамтитын кәсіпкердің жұмысына мемлекеттік мекеме тарапынан араласу мәселесі анықталды, алда осы аталған мәселені оң шешу жолында жұмыстар атқарамыз деді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ШӘУІЛДІР» ЗАМАНАУИ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖЫЛДАМ ДАЙЫНДАЛАТЫН КЕСПЕЛЕР ӨНДІРІЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *