🧗🏻♂️Спорт саласы — белгілі ережелерге бағынғанымен, оның аясы кең. Әр адам таңдауына қарай арнайы залда, түрлі мекемелерде, табиғат аясында немесе үй жағдайында спортпен шұғылданады. Түркістан облысында өткен кезекті ауқымды шара табиғат аясында өтетін спорт түрлерін танытуға және белсенді экологиялық туризмді дамытуға бағытталды.
☑️ Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы Түлкібас ауданында «Шекарасыз спорт» тақырыбында мәдени және спорттық іс-шара ұйымдастырды. Мақсаты – туристік кластерді насихаттау, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, қоршаған ортаны аялау.
🏕️ Жеке демалыс аймағында өткен жиынға облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысты.
💬 — Біз бүгін еліміз бойынша ең көне қорықтардың бірі, құрылғанына 97 жыл толған — Ақсу—Жабағылы қорығында жүздесіп отырмыз. Экотуризмді дамыту үшін ең алдымен табиғат жанашырларын тәрбиелеуіміз керек. Бүгін жиналған азаматтардың біршамасы түрлі сенбіліктерге белсене қатысушылар. Қоршаған ортамызды қадірлеу, тазалықты ұстану — үлгі әрекет екенін ұғындырғымыз келеді. Сондай-ақ мәдени және спорттық сайыстарды өткізудің ерекшелігін көрсету маңызды. Экотуризм бағытында былтыр бір жылда 74 мың турист келген болса, биыл 7 айда 101 мың адам Түркістан өңірінің табиғи парктері мен қорықтарында болған. Ендігі кезекте тек облыстық емес, республикалық және халықаралық деңгейде өткізуді қолға алу көзделуде, — деді Әзімхан Серікұлы.
🖇️ Шараға облыстың белсенді жастары, қоғамның түрлі өкілдері, әлеуметтік желіде жарияланған хабарландыру арқылы тіркелген азаматтар, БАҚ өкілдері жалпы 150-ге жуық адам шақырылды.
🔖 Бағдарламаға сәйкес әуелі 30 адамнан топталып, Ақсу—Жабағылы қорығы музейінде табиғат әлемімен, қорықта өсетін өсімдіктер және тіршілік ететін жан-жануарлармен танысты. Мұнан соң, барлығы іс—шараның ашылуына қарай бет алды. Алдымен «Қызыл ай» қоғамдық ұйымы алғашқы медициналық көмек пен қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
🚴🏼♂️ Кезекті шеберлік сағатында экстремалды спорт түрлері таныстырылып, тақырып тауда немесе жазық далада велоспорт (Mountain bike), жүгірумен айналысудың (Trail run) ерекшелігіне арналды. Одан кейін йога жаттықтырушысы байсалды спорттың әдіс—тәсілдердін көрсетті. Ал, Art терапия мастер—классында сезімдерді сурет арқылы ашуға және адамдарды өнер арқылы емдеуге көмектесетіні, эмоционалды даму құралы ретінде псхологияда қолданылатыны жайлы айтылды.
♻️ Әрі қарай қатысушылар бір уақытта өздері қалаған шеберлік сағатына қатысты. Имидж қалыптастыру айдарында Түркістан облысының табиғи қорықтары мен парктері, тарихи орындарының атаулары жазылған «Мен болмаған жерлер» жейделерінде ұяшықтарды белгіледі. Мастер-класстарды арнайы білікті, тәжірибелі мамандар жүргізді.
🎯 Бағдарлама тимбилдингпен қорытындыланды. Онда 10–ға жуық командалық ойын ұйымдастырылып, өте тартысты өтті. Қызықты сайыстың нәтижесінде жеңімпаз командалар анықталып, марапатталды. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-і бас директоры Серік Сандыбаев дипломдар мен кубоктарды табыстады.
🔗 «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы
______________________
🏞️ В ТЮЛЬКУБАСЕ ПРОШЛО КУЛЬТУРНО-СПОРТИВНОЕ МЕРОПРИЯТИЕ «ШЕКАРАСЫЗ СПОРТ» — «СПОРТ БЕЗ ГРАНИЦ»
🧗🏻♂️Спортивная сфера имеет не только определенные правила, но и широкий спектр. Каждый человек выбирает сам, где ему занимаеться спортом: в специальном зале, разнообразных учреждениях, на природе или дома.
☑️ Очередное масштабное мероприятие в Туркестанской области было направлено на популяризацию природных видов спорта и развитие активного экологического туризма.
Управление культуры и туризма Туркестанской области, туристский информационный центр «Open Turkistan» организовали культурно—спортивное мероприятие на тему «Спорт без границ» в Тюлькубасском районе. Цель—популяризация туристского кластера, приобщение граждан к здоровому образу жизни, бережное отношение к окружающей среде.
🏕️ На совещании в частной зоне отдыха принял участие руководитель областного управления культуры и туризма Азимхан Койлыбаев.
💬 — Сегодня мы встречаемся в одном из старейших заповедников страны —Аксу-Жабагылы, которому исполнилось 97 лет. Чтобы развивать экотуризм, мы должны, прежде всего, воспитывать любителей природы. Сегодня многие собравшиеся здесь являются активными участниками различных субботников. Как правило, уважение к окружающей среде, соблюдение чистоты — это образцовый поступок. Также нам важно показать специфику проведения культурных и спортивных соревнований. Туркестанский регион в прошлом году в направлении экотуризм посетило 74 тыс. туристов, в этом году за 7 месяцев 101 тыс. человек посетили природные парки и заповедники области. Теперь мы намерены проводить такие мероприятия не только на областном, но и на республиканском и международном уровнях, — сказал Азимхан Серикулы.
🖇️ На данное мероприятие были приглашены активная молодежь области, различные представители общественности, граждане, зарегистрированные через объявления, размещенные в социальной сети, представители СМИ, всего около 150 человек.
🔖 Согласно программе, в музее Аксу—Жабагылинского заповедника была организована группа из 30 человек, которые ознакомились с живописным миром природы, растениями, произрастающими в заповеднике и здешними животными. Вначале открытия мероприятия общественная организация «Қызыл ай» разъяснила всем правила оказания первой помощи и безопасности.
🚴🏼♂️ На очередном мастер-классе были представлены экстремальные виды спорта, тема была посвящена особенностям велоспорта (Mountain bike), бега (Trail run) в горах или на равнинах. Затем тренер по йоге продемонстрировал приемы экстремального спорта. А на мастер— классе по арт-терапии было рассказано о том, что она помогает открывать чувства через живопись и исцелять людей через искусство. Так же арт – терапия используется в псхологии как средство эмоционального развития.
♻️ Далее собравшиеся приняли участие в мастер-классе. В рубрике «формирование имиджа» были выделены ячейки на рубашках «Места, где я не был» с названиями природных заповедников и парков, исторических мест Туркестанской области. Мастер—классы провели квалифицированные, опытные специалисты.
🎯 Программа завершилась тимбилдингом. Там было организовано около 10 напряженных командных игр. По итогам увлекательного конкурса были определены и награждены команды-победители. Дипломы и кубки вручил генеральный директор ТОО туристский информационный центр «Open Turkistan» Серик Сандыбаев.
🔗 Туристский информационный центр «Open Turkistan»
Comments