Басты ақпаратЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғам

Мектепке акция!

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы «Мектепке жол» қайырымдылық жобасын жүзеге асырып жатыр.


«Самұрық-Қазына» АҚ Қордың 15 жылдығына орай, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды бастады. Жобаның басты мақсаты
– 2023 жылы күзде бірінші сынып табалдырығын аттайтын әлеуметтік осал топтарға жататын балаларға көмек көрсету.

«Самұрық-Қазына» тобының өндірістік компаниялары жұмыс істейтін 10 өңірдің балаларына мектепке қажет оқу құралдарының жиынтығы сыйға беріледі. Оның ішінде мектеп рюкзагы, оқу құралдары мен аяқ киімге арналған сөмке болады.

Қордың компаниялар тобының корпоративтік волонтерлері мен «EVO Қазақстан» ұйымының волонтерлері бірлесіп, Алматыда мектеп жиынтықтарын жинауға кірісті. Сыйлықтар дайын болған соң өңірлерге жөнелтіліп, балаларға таратылады.

Мектеп жиынтықтары Абай, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарындағы 15 мыңға жуық бірінші сыныпоқушысына беріледі деп жоспарланған. Олардың басым бөлігі ауылдық елді мекендерде тұрады.

Көмекке мұқтаж балалардың тізімі Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрлігінің мәліметтері негізінде жасақталады. Тізім жасаудағы басты шарттар – баланың бірінші сыныпқа баруы және әлеуметтік осал топтар санатына жатуы болып белгіленген.

Жоба, сондайақ, Қазақстандағы адам капиталын дамытуға өз үлесін қосады. Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардан шыққан бірінші сынып оқушыларына мектепке қажетті оқу құралдарын беру олардың әрбірінің сапалы білім алуына жағдай жасайды.

Мектеп жиынтықтарының бәрі өңірлердегі балаларға тамыздың соңына дейін жеткізіліп, балалар 1 қыркүйек мектептегі алғашқы күнін жаңа оқу құралдарымен қарсы алады.

Жобаны «СамұрықҚазына» АҚ атынан «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация» жеке мекемесі жүзеге асырады, ал жобаның бас демеушісі «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ЖАҢА 100 ШТАТ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

15 тысяч первоклассников Казахстана получат школьные принадлежности от АО «Самрук-Қазына»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *