АймақӘлеуметБизнес

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ – ШАРУАЛАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

Республика аумағында Үкімет «AMANAT» партиясымен бірге ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. Пилоттық жобаны насихаттау бағытында мобильді топтар құрылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ауданның 1 қала, 12 ауылдық округінде жиындар өткізіліп, жобаның жүзеге асыру жолдары таныстырылды. Жоба аясында ауыл тұрғындарына өз бизнесін ашып, оны кеңейтіп, табысын арттыруға мүмкіндіктер берілуде. Сондай-ақ, жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз болатын жеңілдетілген несие беріліп, техникалар лизингке рәсімделуде. Несие алу шарттары өте тиімді болғандықтан, оның халыққа тигізер пайдасы орасан.
«Ауыл аманаты» жобасының игілігін аудан тұрғындары да көруде. Жоба аясында Көксәйек елді мекенінің тұрғындары 2,5 пайыздық несие алып, мал шаруашылығын дамытуда. Атап айтар болсақ, Оспанов Марат — 15 бас жылқы, Шынар Серік — 12 бас ірі қара, Жумагулов Ермахан — 150 бас уақ мал алды.
Ауыл тұрғындарының қызығушылығын оятқан жоба 2023 жылдан 2025 жылға дейін қолданыста болады. Аталған жобаны барлық өңірде іске асыру үшін бюджеттен кредиттер бөлу көзделіп отыр.

БАСТЫ МАҚСАТ АУЫЛДЫ ДАМЫТЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ!

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЛҒАШ РЕТ БАНАН ӨСІРІЛЕ БАСТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *