АймақӘлеуметБизнесБілім

“АУЫЛ АМАНАТЫ” БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

Сауран ауданы, Шорнақ елді мекенінің мәдениет үйінде “Ауыл аманаты» бағдарламасының IV бағыты балық шаруашылығын дамыту бойынша арнайы жұмысшы топ келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Болысбек Шәріпбеков бастаған жұмысшы топ өкілдері, «Ырыс» микро қаржы ұйымының қызметкерлері, ауыл әкімдері және аудан кәсіпкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын барысында Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Болысбек Шәріпбеков «Ауыл Аманаты» жобасының негізгі бағыттары, бөлінген қаражат көлемі, несие шарттары туралы түсіндіре келе, балық шаруашылығын дамыту бағытына ерекше тоқталып өтті.
Балық шаруашылығын дамыту бағытына – 1,1 млр. теңге қаралып отыр. Балық шаруашылығын үй іргелік жерлерде жүргізу үшін 15 соттық жерге тоған қазып, «Хамит» АӨК, «Көшім» ШҚ, «Көмеш балық» ЖШС-нен шабақтар сатып алып өсіріп, тауарлы балық деңгейіне дейін жеткізуге болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, аэратор, қайық, азық шашатын қондырғылар мен балық азығын сатып алғандағы шығындары мен өндірілген тауарлы балықты балық өңдеу зауыттарына («Хамит» АӨК, «Жалғасбаев Т» ЖК, «Саодат» ЖШС, «Болашақ» ШҚ, «Шардара балық-1» ЖШС) өткізуге болатындығына тоқталды.
“Ауыл аманаты” жобасы аясында балық шаруашылығын дамыту бағыты бойынша ауданға қарасты 12 ауылдық округтің барлығынан да дерлік несиелеуге түскен өтініштер қаралатындығын жеткізді.
Жиналыс барысында тұрғындардың барлық сұрақтары қанағаттандырылып, іске асыру схемалары, шарттары, негізгі басымдықтары, керек құжаттарды жинақтау, өткізу тәртібі, тоған қазу, шабақ сатып алу, құрал жабдықтар сатып алу, балық азықтарын дайындау және сатып алу туралы кең көлемде ақпараттар берілді.

БӘЙДІБЕК: «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ IV-БАҒЫТЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Алдыңғы

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *