АймақБизнесЖаңалықтар

Алда атқарар жұмыс көп

«Егер тәуекелшіл болмасаң,бұл жерге тұмсығыңды сұқпа» деп әйгілі Рэй Крок айтқандай қаржылай тәуелсіз, әрі тәуекелшіл кәсіп иесі боламын деген жан, сол саланы ұнатып жүрегімен таңдаған жөн. Бұл жолдың өзіндік заңдары мен лайқты қиындықтары да бар өте қызық жол. Қашанда бір іс бастап, табысқа жетем десең ынталанып, өз ісіңді жақсы көріп істесең табысқа жететінің сөзсіз және ең маңыздысы тәуекел ету білумен жылдам шешім қабылдай алатын қабілеттің болуы маңызды қадамдардың бірі. Сосын ең бастысы бір жерде тұрақтап қалмай үнемі ізденісте болуын ұмытпау сені өз бәсекелестеріңнен үнемі жоғары болып жетістікке жетелейтіні тіпті қарапайым адамға да анық дүние. Бүгін ағымдағы тамыз айының 11 жұлдызы күні Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Көксу – Қаратал аудандары филиалдарының директоры Фархат Құсайынов арнайы Көксу ауданы орталығы Балпық би кентін аралап, жоғарыда атап кеткен тәукелшіл қауымымен және жергілікті атқарушы билік өкілдігімен кездесіп алда бірлесіп атқарар жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар кәсіп иелерін толғандырған мәселелерін де тыңдап, қойын дәптеріне түртіп алды.

Аудандық Кәсіпкерлер Палата басшысы Құсайынов Фархаттың айтуында:

Болашақта кәсіпкерлерді толғандырып, шешу жолы табылмай жүрген мәселелерін оң шешу үшін, жергілікті билік өкілдерімен бірлесе тығыз жұмыс атқарамыз, — десе,

Көксу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Калиева Алия Әбуқызы:

Жыл сайын ел көлемінде кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында көптеген игілікті іс-шаралар атқарылу үстінде. Біз қашанда ел президенті Қасым Жомарт Кемелұлының жүргізіп отырған саясатын қолдап осы саланың өсіп – өніп гүлденуіне мүделі тараппыз, деді..

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *