Биылғы шілде айының 24 күні ауданымызға алғаш «Тамшылатып суару » техналогиясын алып келген » Кадыров » шаруақожалығының егіс даласына Жетісу облысы Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры Құсайынов Фархат арнайы ат басын бұрып, бүгінгі тыныс — тіршілігімен танысып, ұсыныстарын тыңдап қайтты.
Шаруақожалық басшысы сөз кезегінде :
Аудан көлемінде «Көкөніс сақтайтын қойма» болмауының салдарынан өткен 2022 жылы » Геркулес, Геленджик » сұрыпындағы пияз өсірумен айналысып және жақсы өнім алған кәсібінен өкінішке орай бас тарқандығын тілге тиек етсе, сонымен қатар жоғарыдағы облыс, аудан басшыларына шаруалардың ала жаздай ала таңмен таласа егіс даласына барып тынбай еңбек етіп, күз болып енді еңбегімнің жемісін көрсем дегенде өнім сақтайтын қойманың жоқтыған қиналып қалатындарын ескерсе және маңдай термен тапқан өніміндерін сақтайтын ауданымызға » Көкөніс қоймасын» салып берсе деген тілегінде айтты.
Comments