ЖаңалықтарҚоғамМәдениет

І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ ФОРУМЫ ӨТТІ


2023 жылдың 21-23 шілдесінде Түркітілдес журналистер қорының бастамасымен Алматы облысының әкімдігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің серіктестігінде бірлесіп өткізілген І Халықаралық медиа және туризм форумы ұйымшылдықпен өтті. Оған БАҚ басшылары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, журналистер, баспасөз хатшылары, PR-менеджерлер, туризм саласының мамандары қатысты. Аталған шараға әлемнің Түркия, Британия, Австрия, Белгия, Германия, Франция, Молдова, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан сияқты 15 елінен 200-ден астам адам қатысып, Алматы облысының орталығы — Қонаев қаласына барды. 21 шілдеде Көлсай, Қайыңды, Есік сияқты көрікті жерлерге пресс тур ұйымдастырылды. 22 шілдеде күні бойы медиа форумда бас қосты. Жиында сөз сөйлеген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан ҚЫДЫРӘЛІ «бұл басқосудың басты мақсаты елімізде туризм саласын дамыту екеніне» ерекше тоқталды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев  «Сіздер еліміздегі осындай тамаша көрікті жерлерді насихаттайды деп сенеміз» деп қатысушыларға үлкен сенім артты.

23 шілдеде шетелдік медиа тренерлермен семинар-тренинг өткізілді. Олар өз тәжірибелері мен ойларын ортаға салды.

#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkicspeakingjournalists #turkdilikonusangazetecilerv
#ФорумАлматы
#Шарын #Көлсай
#almatyregion #almatyregion2023 #regionofalmaty2023
#almatyobl
#tourismforumkazakhstan #Ақпаратминистрлігі #МКС #Qazaqtourizm #qazaqbitum #Almatyzhastary #medcom #AltynJulduz #GS #сәттіжұлдыз #sattizhuldyz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН 156 КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІ АЙНАЛЫСАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *