ЖаңалықтарЖастар саясатыМәдениетРуханият

ТҮРКІСТАНДА КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай Қазақ халқының ұлы ақындарының шығармаларынан көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, ел ішінен талапты, талантты азаматтарды іздеп табу.

Аталмыш додаға аудан-қалалардан 16-28 жас аралығындағы 15 үміткер қатысып, Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларынан және қазақтың белгілі ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінді оқып, бақ сынасты.

Байқауға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Исаева, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мақсат Айтжанов және ақын, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Бауыржан Ерман әділ қазылық етті.

Рухани мазмұны мол сайыста бас жүлдені Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер коллежінің 3-курс студенті Аида Мақанбай иеленді. Сонымен қатар Созақ ауданынан келген Төлбай Әбілқасым жүлделі І орын, Келес ауданынан Арайлым Қалдыбек ІІ орын, Шардара ауданынан Жанар Оңғар және Сайрам ауданынан келген Дилноза Исламова ІІІ орын иегері атанды.

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ СОЗАҚТАҒЫ 1000 ОРЫНДЫҚ СПОРТ АЛАҢЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

Алдыңғы

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *