ЖаңалықтарЗаң

БОРЫШКЕРЛЕР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Атқару құжаттарын орындау барысында сот орындаушылар тарапынан

борышкерлерге атқару өндірісінің талабын орындау туралы хабарламалар жолданып, атқару амалдары жасалынады. Оның ішінде атқару өндірісінің талаптарын уақыты орындамаған тұлғаларға (борышкерлер) қатысты әкімшілік іс қозғалады. Яғни, әкімшілік жауаптылық, бұл – заңдық жауаптылықтың ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолданылуынан көрінісін табады. Жалпы заңдық жауаптылыққа тән белгілер әкімшілік құқықта да бар. Әкімшілік жауаптылық заңмен де, заңға тәуелді актілермен де немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар. Әкімшілік жауаптылықтың негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады. Әкімшілік жауаптылық субъектілері адамдар да, ұжымдық құрылымдар да болуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669, 665, 670, 671 баптарымен әкімшілік жауапкершіліктер қарастырылған.

Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен тобы: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ соттармен қолданылады.

Аталған баптардың нәтижесінде сотпен немесе тиісті органмен тұлға кінәлі деп танылса, оған әкімшілік қамаққа алынуы немесе әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады. Әкімшілік жауаптылықтың шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді реттейтін заңдарға сәйкес қолданылады. Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың басқа түрлерінен айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшелігі, оның негізіне әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына – әкімшілік жазалар жатады.

Осыған сәйкес, Шымкент қаласы Әділет депаратментінің филиалы «Жеке сот орындаушыларының ұсыныстары бойынша әкімшілік тәжірибе бөлімі» жеке сот орындаушысымен жолданған ұсыныстың негізділігі тексеріледі. Яғни, борышкердің іс-әрекетінде құқық бұзушылық салдары көрініс алса сот орындаушы тарапынан хаттама толтырылып, тиістілігі бойынша сотқа немесе органға іс-құжаттары жолданып, қаралып, тиісті шешім қабылданады.

Шымкент қаласы Әділет департаментінің жеке сот орындаушыларының ұсыныстары бойынша әкімшілік тәжірибе бөлімінде жыл басынан бері жалпы 185 әкімшілік іс қозғалып, 2 іс бойынша кінәсі дәлелденбеген. Осы орайда, сот көрсетілген жайттарды ескеріп, борышкерлерді ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау белгілері бойынша 52 тұлғаны әкімшілік қамаққа алу, қалған тұлғаларға айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Ғани ТАЙСАЛОВ,

Шымкент қаласы Әділет департаментінің жеке сот орындаушыларының ұсыныстары бойынша әкімшілік тәжірибе бөлімінің сот орындаушысы

 

 

 

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫҒЫН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Алдыңғы

Түркістан: Кәсіпкерлер пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер учаскелерін жыл көлемінде ресімдей алмаған

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *