«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
Оқу бағдарламасы бойынша мынадай санаттағы азаматтар:
1. Несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар;
2. Дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар;
3. Жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер;
Бұл оқыту семинарына Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округінің 70-тен астам ауыл тұрғыны қамтылды.
Құрметті Қазығұрттықтар, аталған жобаға қатысып, қаржылық сауаттылықтарыңызды арттыруға шақырамыз!
Жобаның негізгі мақсаты- жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Жобаға қатысушылар, өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады. Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, қосымша оқу процесіне қатысушыларға заңгерлік көмек көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді және бизнес жоспар жасауға көмектерін көрсетеді.
Cонымен қатар, жобаға қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды, несие алу ережелері мен қайтару жолдарын, қаржы пирамидалары мен алаяқтар тұзағына түспеуді және кәсіп ашу мүмкіндіктері бойынша ақпарат алады.
Сондай-ақ, оқу барысында қаржы мамандарынан бөлек заңгерлердің де көмегі ұсынылады. Олар әр тұрғынның несие тарихын жеке зерттеп, қарыз жүктемесін азайту бойынша құқықтық кеңестер береді.
Жоба биыл мамыр айында басталып, қараша айына дейін жалғасады. Кез-келген ниет білдіруші жобаға қатыса алады. Тіркелу үшін тұрғылықты жердегі «AMANAT»-тың аудандық аудандық филиалына хабарласу қажет
Comments