Жаңалықтар

“Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары Ордабасы ауданының Қажымұқан және Шұбарсу ауыл округінде жалғасуда

«AMANAT» партиясы мен «Халық Банкі» АҚ-мен қолға алған «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы жалғасуда. Ордабасы ауданы, Қажымұқан және Шұбарсу ауыл округінде өткен оқу семинарының бірінші легі өз мәресіне жетті. Пилоттық жобаға 150 -ден аса ауыл тұрғындары қатысты. Оқу семинарын сәтті аяқтаған тұрғындарға аудандық партия филиалының төрағасы Әлиасқар Байдуллаұлы, Шұбарсу ауыл округі әкімінің орынбасары Аман Ғабит, қаржы тренерлер Мыңбаев Дулат және Батырбеков Қаныбек сертификат табыс етті.
Жобаға қатысушылар, өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады. Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, қосымша оқу процесіне қатысушыларға заңгерлік көмек көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді және бизнес жоспар жасауға көмектерін көрсетеді.
Cонымен қатар, жобаға қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды, несие алу ережелері мен қайтару жолдарын, қаржы пирамидалары мен алаяқтар тұзағына түспеуді және кәсіп ашу мүмкіндіктері бойынша ақпарат алады.
Сондай-ақ, оқу барысында қаржы мамандарынан бөлек заңгерлердің де көмегі ұсынылады. Олар әр тұрғынның несие тарихын жеке зерттеп, қарыз жүктемесін азайту бойынша құқықтық кеңестер береді.
Ордабасы ауданы бойынша оқу семинар 2023 жылдың 26 маусымында басталып, шілде айының соңына дейін жалғасады. 1 айға жуық уақыт ішінде бүкіл ауыл округ қамтылады деп күтілуде.
Жоба биыл мамыр айында басталып, қараша айына дейін жалғасады. Кез-келген ниет білдіруші жобаға қатыса алады. Тіркелу үшін тұрғылықты жердегі «AMANAT»-тың Ордабасы аудандық аудандық филиалына хабарласу қажет.

Зияткерлік мектептердің 285 оқушысы шетелдік университеттерге шақырту алды

Алдыңғы

«Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы Қарамұрт ауыл округінде жалғасуда.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *