Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫНДА, БАСПАНА АЛУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ.

«Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында, «Отбасы банк» өкілдері қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында, Г.Әбдіқұлова Шарбұлақ ауылының тұрғындарын баспана алуға арналған бағдарламалармен таныстырып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда ауданымызда пәтер жалдап, сандалып жүрген қаншама тұрғындарымыз бар. Оған, өткізіліп жатқан қоғамдық қабылдауларымыз дәлел. Өмір бар жерде, тұрмыстық түйткілдердің бар болуы орынды. Осындай қиын жағдайда жүрген халықтың мұқтаждығын жеңілдету мақсатында, халықтың тұрмысы төмен топтары үшін пәтер жалдау төлемдерін субсидиялаудың жаңа тетігі іске қосылған болатын. Бұл бойынша ауыл тұрғындары бейхабар болуы мүмкін. Бұл мемлекеттік қолдау — пәтер жалдап тұратын отбасыларға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Оны отбасы мемлекетке қайтармайды. Алайда мемлекет төлейтін қаржының ішіне коммуналдық төлем кірмейді.
Айта кету керек, бағдарламаға 1 және 2 топта тұрған мүгедектер, мүмкіндігі шексіз балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, кәмелет жасына дейін ата-анасынан айырылған азаматтар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері мемлекет қолдауына үміткер бола алады.
Мұнан бөлек, «Бақытты отбасы» бағдарламасы, Ұмай бағдарламасы, «Жас Отбасы» бағдарламасы, «Арнау» депозиті, «Шаңырақ» және де «Нұрлы жер», «Әскери баспана» бағдарламалары таныстырылды.
Мысалы, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша, келесі санаттар бойынша әкімдікте кезекте тұрған азаматтар қатысуға өтінім бере алады: көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы, толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек). Отбасы банк» АҚ ұсынған «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде ең төменгі бастапқы жарнаны төлеу арқылы жаңа тұрғын үй иесі атану мүмкіндігі бар.
Мұндай кездесулер мен қабылдаулар барлық ауыл округтерде ұйымдастырылмақ.

“ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ” ЖОБАСЫ ЖАҢА ИҚАН АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ.

Алдыңғы

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы жанынан «Агро кеңес беру орталығы» құрылып, жүгері өсіру бойынша демонстрациялық алаңы ашылды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *