Ордабасы ауданы, Шұбар және Бөржар ауыл округінде өткен оқу семинарының екінші легі өз мәресіне жетті. Пилоттық жобаға 100-ге жуық ауыл тұрғындары қатысты. Оқу семинарын сәтті аяқтаған тұрғындарға аудандық партия филиалының төрағасы Әлиасқар Байдуллаұлы, «Halyk bank» АҚ Ордабасы аудандық басқарма басшысы Ибадулла Байжанұлы, қаржы тренерлер Мыңбаев Дулат және Батырбеков Қаныбек сертификат табыс етті.
Жобаға қатысушылар, өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады. Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, қосымша оқу процесіне қатысушыларға заңгерлік көмек көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді және бизнес жоспар жасауға көмектерін көрсетеді.
Cонымен қатар, жобаға қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды, несие алу ережелері мен қайтару жолдарын, қаржы пирамидалары мен алаяқтар тұзағына түспеуді және кәсіп ашу мүмкіндіктері бойынша ақпарат алады.
Сондай-ақ, оқу барысында қаржы мамандарынан бөлек заңгерлердің де көмегі ұсынылады. Олар әр тұрғынның несие тарихын жеке зерттеп, қарыз жүктемесін азайту бойынша құқықтық кеңестер береді.
Жоба биыл мамыр айында басталып, қараша айына дейін жалғасады. Кез-келген ниет білдіруші жобаға қатыса алады. Тіркелу үшін тұрғылықты жердегі «AMANAT»-тың Ордабасы аудандық аудандық филиалына хабарласу қажет.
Comments