Жаңалықтар

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
Оқу бағдарламасы бойынша мынадай санаттағы азаматтар:
1. Несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар;
2. Дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар;
3. Жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер;
Бұл оқыту семинарына Төлеби ауданы, Ленгер қаласының 70-тен астам ауыл тұрғыны қамтылды.
Келесі бағыт Бірінші Мамыр ауыл округінде басталады 3 шілдеден 5 шілдеге дейін
Жобаға қатысушылар күндізгі форматта сауатын арттырып, бір топта 50 адамға дейін оқытылады. Оқу процесінің ұзақтығы – 5 жұмыс күні.
Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, оқу процесіне қатысушыларға заңгер көмегі көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасының басталғанын жариялап, тиісті меморандумға қол қойған болатын. Жобаны Halyk Bank қаржыландырады.
Жобаның басты мақсаты – азаматтардың әсіресе, берешегі бар қарыз алушылардың (жеке тұлғалар) қаржылық сауатын арттыру. Оқыту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады.
Құрметті ауыл тұрғындары , аталған жобаға қатысып, қаржылық сауаттылықтарыңызды арттыруға шақырамыз!

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР

Алдыңғы

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІРІН ЖАҚСАРТУ — НЕГІЗГІ МІНДЕТ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *