2023 жылдың 26-30 маусым айы аралығында ауыл тұрғындарының ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Балықты және Мичурин ауылдық округі тұрғындарымен 5 күн бойы оқу-семинар өткізілді. Ауыл тұрғындары семинарды қаржы тренерлері А.Салауатов және С.Исимова өткізді. Жобаға қатысушылар жобаға қатыса отырып өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін хабардар болып, қаржылық білімдерін кеңейтті . Бүгінде барлық қатысушыларға семинар сабағына қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталады. Келесі кезектегі оқу-семинар Жаскешу және Рысқұлов ауылдық округтерінде өткізілмек. Қатысуға ниеті бар азаматтарды тегін қаржылық білім алуға шақырамыз.
Еске сала кетейік, бұған дейін «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасының басталғанын жариялап, тиісті меморандумға қол қойған болатын. Жобаны Halyk Bank қаржыландырады.
Жобаның басты мақсаты – азаматтардың әсіресе, берешегі бар қарыз алушылардың (жеке тұлғалар) қаржылық сауатын арттыру. Оқыту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында алғашқы кезеңде Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарының 80 мыңға жуық тұрғыны оқытылады.
Барша округ тұрғындарын аталмыш жобаға белсене қатысуға шақырамыз.
Comments