Білім

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: БІЛІМНІҢ САЛТАНАТЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты реформаларының бірі екендігін ерекше атап өтті.

Оны жүзеге асыру үшін Үкіметке білім гранттарының санын көбейту, шет аймақтарды білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету және елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу тәрізді тапсырмалар берді. Бұл дегеніміз, бір жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарына зор міндет жүктесе, екінші жағынан бәсекелестікті арттырып, сол арқылы сапалы маман даярлауға жол ашады деген сенімдеміз.

Сондықтан да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарамыз деген сенімдеміз. Осы бағытта бүгінде Түркістан облысында білім саласына қатысты бірнеше өзекті мәселелер шешіліп жатыр. Бұл ретте, облыста білім беру саласында 2511 ұйым қызмет көрсетеді. 1 372 мектепке дейінгі ұйымда 155 мың бала тәрбиеленуде. Ал 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 98%-ды құрап отыр. Облыста жалпы 1000 мектепте 515 мың оқушы білім алып, 5 жылда жаңа 86 мектеп салынған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы өңірде 34 мектептің құрылысы аяқталып, 35 мың оқушы орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында қазір 33 мектеп салынуда. Оның ішінде, «Білім инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы биыл 9 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 20 мектепті пайдалануға тапсыру жоспарланған. Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» пилоттық жобасымен 3 жылда 63 мектеп салынбақ.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 894 мемлекеттік мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Осы арқылы бейнебақылау, турникет, қоршау, дабыл түймесі орнатылмақ.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз. Жаңа оқу жылында облыс мектептерінде бастауыш сыныпта білім алатын 190 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл жаңалық ата-аналарды да, балаларды да қуантатыны анық. Себебі бұған дейін тегін ыстық тамақ оқушыларға тек әлеуметтік жағдайына қарай беріліп келген.

Бұдан бөлек, биыл 41 597 балаға қала сыртындағы лагерлер, 153 000 балаға мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастырылды. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 23 207 бала бюджет есебінен тегін демалады. Қазір 15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалуда. Сонымен қатар «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. Облыста 7 мемлекеттік және 10 жекеменшік лагерь бар. Демалыс лагерлерінде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынған.

Меруерт БАЙБАТШАЕВА,

Түркістан қаласы, Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ТҮРКІСТАН: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БӘЙДІБЕКТЕ ЕКІ АУЫЛ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Алдыңғы

ТУРИЗМ – ТУҒАН ЖЕРДІ ТАНУ ТЕТІГІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *