ЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғамСаясат

Түркістанда Мемлекеттік кірістер басқармасыкәсіпкерге негізсіз 5 млн теңге салық салған

Түркістан облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасына «АйРус Құрылыс» ЖШС басшысы Р.Иманбердиевтен заңсыз мәмілелер бойынша салық есептілігін түзету және түзету бойынша шаралар қабылдаған салық органының әрекетсіздігіне өтініш түсті. Бұл мәселе Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінде көтерілді.

Кәсіпкердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімі басшысының айтуынша, өтініштің мазмұнынан және оған қосымша материалдардан кәсіпкердің мемлекеттік кірістер органдарына бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, бүгінгі күні салық есептілігіне түзету енгізуге мүмкіндік берілмеген. Өз кезегінде, Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Сайрам ауданы бойынша МКБ-ға қайта бағыттайды. Сайрам өз кезегінде түзету Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша МКБ-ның құзыретіне жатады деп бекітеді.

«Өтініштің авторы бірнеше жыл бойы қойылған мәселенің дұрыс және заңды шешілуіне қол жеткізе алмағандығын, ал мемлекеттік кірістер органдары өкілеттікке сілтеме жасай отырып, проблемалық мәселенің шешілуін қамтамасыз ететін қажетті әрекеттерді орындаудан бас тартатынын ескере отырып, Өңірлік палата осы мәселені жан-жақты және объективті қарау мақсатында қадағалау және бақылау органдарының қатысуымен кездесу өткізді», деді Нұрсұлтан Кәрімбаев.

Өздеріңіз білетіндей, Ұлттық палатаның негізгі міндеттерінің бірі кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, бизнестің мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру болып табылады.

АС АТАСЫ — НАН

Алдыңғы

САЯСИ РЕФОРМАЛАР ЕЛ ӨМІРІНЕ ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ӘКЕЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *