ЖаңалықтарЖастар саясатыСаясат

Түркістанда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

2023 жылы 26 мамырда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы бір мезгілде өтеді!

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады.
Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқалары бар.

Акцияны ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Айта кетсек, «Халық заңгері» акциясы дәстүрлі іс-шараға айналып келеді, ал оған алғыс білдіретін қазақстандықтар қатары артуда. 2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 000-нан астам азамат консультация алды. Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.

Түркістанда акция өткізілетін орын: Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 үй, Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы, 1 қабат. Кіру тегін.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті.

Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздік бойынша тұжырымдама таныстырылды

Алдыңғы

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *