ЖаңалықтарЖастар саясаты

БИЫЛ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Жыл соңына дейін қалада Жұмысшы жастар тұрғын үй бағдарламасы аясында 888 азамат арендалық пәтермен қамтылады. Тиісті заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, бірқатар мемлекеттік қолдауларға ие болуда.

Бұл баспананы берудегі басты мақсат — жұмыс істейтін жастарға жеке баспана алуға қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отарып, жұмыс істейтін жастарды қолдау болып табылады. Аталған бағдарлама негізінде Шымкент қаласы бойынша 2019 жылдың желтоқсан айында құжаттар қабылдау басталып, 2020 жылы сатып алу құқығынсыз жастарға 904 пәтер қолданысқа табысталған болатын. Ал осы бағыт бойынша 2021 жылы 300 пәтер берілге болса, былтыр 857 пәтер берілді.

Жұмысшы жастар тұрғын үй бағдарламасы аясында үміткердің өтініш бергенге дейін соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде болу тиіс. Сонымен қатар қатысушының айлық табысы 40 АЕК — тен кем болмауы қажет.

Айта кететін жәйт, Жастар бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерді жастар бұрын 5 жылға дейін жалдап тұра алса, енді 3 жыл мерзімге берілетін болады.

БИЫЛ ШЫМКЕНТТІКТЕР 100% САПАЛЫ ӘРІ АРЗАН ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Алдыңғы

ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСЫ ЕСКЕРІЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *