ЖаңалықтарСаясат

САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ДЕБАТЫ 16 НАУРЫЗДА ӨТЕДІ

19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауы алдында саяси партиялардың пікірсайысы күні белгіленді.

«ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысатын саяси партиялардың дебатын ұйымдастырады. Осы орайда Орталық сайлау комиссиясы өз құзыретіне сәйкес пікірсайысты өткізу ережелері мен қағидатын бекітті. Қабылданған шешім бойынша саяси партиялардың пікірсайысын өткізу 2023 жылғы 16 наурызға белгіленді», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Телевизиялық пікірсайыс «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

«Теледебат өткізу бойынша қаулы бір ауыздан қабылданды. Осы қаулы Мәжіліс сайлауына қатысатын сайлауалды штабтарының назарына жеткізілсін. Орталық сайлау аппараты «Хабар» агенттігімен сайлауалды пікірсайыс өткізу туралы шарт жасассын», — деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

МӘЖІЛІС САЙЛАУЫ: ДАУЫС БЕРУ БЮЛЛЕТЕНІНІҢ КӨЛЕМІ ӨЗГЕРЕДІ

Алдыңғы

ОСК: 111 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ АККРЕДИТТЕЛДІ, ТАҒЫ 52 БАЙҚАУШЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *