Жаңалықтар

ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ – САЯСИ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

Жуырда ғана ҚР Парламенті Сенатының құрамы жаңарды. Конституциялық Сот құрылып, өз жұмысын бастады.

Реформалардың жалғасы ретінде осы жылдың 19 қаңтарында Президент өз Жарлығымен ҚР Парламенті Мәжілісі, барлық деңгейдегі мәслихаттары депуттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылдың 19 наурызында өткізу жайлы шешім қабылдады.

Қазіргі кезде барлық жерде осы сайлауға дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың 8 ақпан күні сағат 18.00-де Парламент Мәжілісінің, барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттығына үмікерлердің (саяси партиялар,қоғамдық ұйымдар,өзін-өзі ұсынған) құжаттарын қабылдау процесі аяқталды. Осы жылдың 18 ақпан күні сағат 18.00-ге дейін үміткерлерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп, құжаттары заң талаптарына сай келген үміткерлер анықталған соң, сол күнгі сағат 18.00-ден бастап 18 наурыз күнгі сағат 00.00-ге дейін үміткерлер мен олардың сенімді өкілдерінің тарапынан сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сайлау барлық сайлау учаскелерінде 19 наурыз күні сағат 07.00 мен 20.00 аралығында өтеді.

Бұл сайлаудың сайлаушы үшін көптеген жағымды ерекшеліктері бар. Атап айтқанда ҚР Парламенті Мәжілісінің 98 депутатының 69 саяси партиялық тізімдер негізінде сайланса, қалған 29 депутатты сайлаушылар тікелей бір мандаттық округтерде сайлайды. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына депутаттардың тең жартысы саяси партиялық тізім негізінде, екіншіжартысы бір мандаттық округтерден сайлаушылардың тікелей дауыс беруімен сайланады. Аудандар мен қалалардың маслихаттарына депутаттар тек бір мандаттык округтерден сайлаушылардың тікелей дауыс берулері арқылы сайланады.

Сайлау заңнамасына енгізілген тағы бір ерекше өзгеріс — сайланған депутат өзінің міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай, сайлаушылардың сенімін ақтамаған жағдайда заңмен белгіленген тәртіп бойынша сайлаушыларға депутаттың мандатын кері қайтарып алу құқығы берілгендігі.

Құрметті Отандастар! Барлығыңызды 19 наурызда өтетін ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына бір кісідей қатысып, Отанымыз үшін, еліміз үшін, жеріміз үшін, халық үшін ел-жұртқа берген сөзін тиянақты ісімен жүзеге асыра алатын лайықты азаматтарды таңдайық, сенім артайық және сайлайық.

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі

САЙЛАУ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖОЛ АШПАҚ

Алдыңғы

САЙЛАУ-2023: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ҮГІТ-НАСИХАТТЫ ЗАҢСЫЗ ЖҮРГІЗГЕНГЕ ЖАЗА ҚОЛДАНЫЛУЫ МҮМКІН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *