Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНАН ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІММЕН ҰСЫНЫЛҒАН КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛДІ

2023 жылдың 14 ақпаны күні Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда облыстағы саяси партиялар филиалдары ұсынған кандидаттар тіркелді.
Комиссия отырысына «Amanat партиясы», «Ауыл» халықтық- демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстан Халық партиясы», Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, «Respublica партиясы облыстық филиалдарының басшылары, өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Әрбір саяси партия филиалдары бойынша тізіммен ұсынылған кандидаттардың сайлау заңы талаптарына сәйкестіктері ескеріліп, олардың мемлекеттік кіріс органдарына активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғандығы, саяси партияның сайлау жарнасын енгізгендігі назарға алынып, әр партиялар бойынша жекеленген шешімдер қабылданды.
Комиссия отырысы барысында алдағы сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізу бойынша пікірлер айтылды. Насихат жұмыстарын заң талаптары шеңберінде жүргізіп, заң бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі баяндалды.

САЙЛАУ-2023 БІЛГЕНДЕРІҢІЗ ДҰРЫС!!!!

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНАН ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІММЕН ҰСЫНЫЛҒАН КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *