Жаңалықтар

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Түркістандағы үкіметтік емес ұйымдар өз жобаларына қаржылай қолдауды және гранттарды қалай ала алады? Бұл туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ өкілдері өңір жұртшылығымен кездесуде жауап берді. Келелі жиынға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ғалым Құрман, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың (YEY) өкілдері, облыс әкімдігінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған кездесу жергілікті YEY өкілдеріне «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ бастамаларын жеткізу, 2023 жылы YEY өкілдеріне гранттар ұсынудың жаңа рәсімдерін түсіндіру, YEY өкілдерінің әлеуетін арттыру және гранттық қаржыландыруға тарту мақсатында ұйымдастырылды. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар мен сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып саналады.

— Заңға сәйкес, аталған Орталық азаматтық бастамаларды қолдау және YEҰ әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында YEY үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар береді, сондай-ақ олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады, — «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Ғалым Құрман. Айта кетейік, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ өкілдерінің өңіріміздегі сапары ертең де жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТАЯУ АРАДА 349 ВАГОН КӨМІР ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ИТАЛИЯДА ШЫҒАРЫЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ АРҚЫЛЫ КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *