Жаңалықтар

СПОРТ БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ   

Шымкент қаласында жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалған. 2022 жылы спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қатары артып, жеңісті сәттер көбейді.

Қазіргі уақытта қала аумағында дене шынықтыру және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімі жоқ 15644 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның ішінде 2036 адам спортпен тұрақты шұғылданады (2021 жылы – 1802 адам). Былтыр спортпен айналысатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны 234 адамға немесе 13,0 % артты.

 

Шаһарда №19 мүгедектерге арналған спорт клубы жұмыс істейді. Онда 369 адам спорттың 17 түрімен шұғылданады: Суға жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисі, отырып ойнайтын волейбол, садақ ату, пара би, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, баскетбол, шағын футбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, т.б.

 

ҚР ұлттық құрамасы қатарына 58 спортшы енген. Олардың 25-і Паралимпиалық спорт түрлерінен, 28-і Сурдлимпиалық спорт түрлерінен.

Спорт клубында 2022 жылы 1 ЕССШ, 4 спорт шебері және 1 спорт шеберлігіне үміткерлер дайындалды. Клуб спортшылары 2022 жылы халықаралық, республикалық, құрлықтық деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысып, 65 алтын, 52 күміс, 58 қола жүлдеге ие болды.

 

Айта кетсек, спортшылардың деңгейін көтеру және құрама командаға іріктеу мақсатында спорт түрлерінен жергілікті жарыстар өткізілді. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спортқа тарту және өңірімізде аталған спорт түрін әрі қарай дамыту көзделуде.

Қазіргі таңда қалада 15 дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешені бар. Оның 4 спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалған.

БИЫЛ КЕПТЕЛІСТІ АЗАЙТАТЫН ҮЛКЕН ЖОЛДАР АШЫЛАТЫН БОЛАДЫ  

Алдыңғы

ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАР СҰРАНЫСҚА ИЕ? 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *