Барлық кезеңдердегідей адамзат өміріндегі ең өзекті тақырыптардың бірі – ауызбіршілік. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» демекші, кез келген қоғамның бақытты
ғұмыр кешуі үшін алдымен ауызбірлік қажет. Бірлік бар жерде бауырластық, тыныштық, молшылық, береке болатыны сөзсіз.
Адамзат тарихына үңілетін болсақ, бірлігі жарасқан елдердің ұзақ ғұмыр кешіп, алпауыт мемлекетке айналғанын көресіз. Ал, бірін-бірі көре алмай, береке-бірлігін жоғалтқан елдердің тарих сахнасынан ғайып болып кетуі оп-оңай екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Осы орайда қоғамның тыныштығын, бірлігін, дұрыс өмір сүруінің жолын дұрыс таңдай білуге асқан жауапкершілікпен қарау заңды құбылыс, яғни, қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір адамға жүктелген ең маңызды міндет саналады. Осыған байланысты бүгінгі таңда мұндай жұмыстарға Шымкент қаласындағы мемлекеттік ұйымдармен қатар, қоғамдық этномәдени бірлестіктер өкілдері мен азаматтық қоғамның белді мүшелері де лайықты сүбелі үлестерін қосып келеді.
Атап айтқанда, қоғамдық құрылымдардың өкілдері сындарлы диалог алаңдарында жұртшылыққа ортақ бірлікке, ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке қатысты мәселелерді көтеріп, қоғамдық проблеманы билікпен бірлесе шешудің жолдарын қарастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруда бұған дейін қаламыздағы түрлі этнос өкілдері жиі шоғырланған 23 тұрғын алаптарда кездесулер ұйымдастырылса, биылдан бастап аталған бағыттағы жұмыстарды жүргізуге қаладағы 81 тұрғын алаптар қамтылып отыр. Кездесулердің барысында азаматтарды тыңдау, айтылған мәселерді зерделеу және нақты жауап беру механизмі жүйелі жұмыс атқарылу жағдайларықолға алынуда.
Бүгінгі таңда әлемдегі геосаяси ахуал ушығып тұрған кезінде бізде еліміздің азаматтық бірегейлігі мен ішкі тұрақтылығын нығайтуға айрықша назар аударылуы басты назарда. Бұл бағытта мемлекеттік саясаттың басымдықтары жұртшылыққа жеткізіліп, маңызды міндеттер жұртшылыққа тиімді түсіндірілсе, ішкі бірлігіміздің бекемделе түсері анық.
Т.Нишанбаев – Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы.
#Бірлікдамуүшін
#ҚоғамдықКелісімБаспасөзҚызметі
Comments