Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан Үкімет отырысында ауыл тұрғындары үшін жайылымдарды қайтару бойынша тапсырма берілген болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осыған орай Келес ауданындағы жер қатынастарын реттеуші органдар тарапынан қажетті талдаулар жүргізіліп, ауылдық елді мекендер тұрғындарының жайылымдық жерлерге деген сұраныс деңгейі анықталды. Нәтижесінде өткен жылы Келес ауданында 81 мың 600 гектар аумақ ортақ қолданысқа берілді. Оның 60 мың 600 гектары бойынша жайылым жерлердің иелерімен меморандум арқылы бірлесіп пайдалану жөнінде келісім жасалды. Сонымен қатар қазіргі таңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай емес немесе Жер заңнамаларын бұза пайдалану деректерін анықтау үшін «Ғарыш сапары» электронды базасы арқылы жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетсек, Келес ауданының жалпы жер көлемі 345 129 гектар болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 234 535 гектарды құрайды. Ал 207 603 гектар аумақ – жайылым жер.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Comments