Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ТАБИҒИ ТЫҢАЙТҚЫШ ӨНДІРУ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Қазығұрт ауданында шылаушын құртын өсіріп, құнарлы тыңайтыш өндіретіндеру кеңінен етек жайып келеді. Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінің тұрғындары жеке тұрғын үйінің ауласында калифорниялық (шылаушын) жер тыңайтуға арналған қызылқұрт өсіріп жатыр. Бұл кәсіптің тиімділігі — калифорниялық шылаушындар малдың көңін «жеу» арқылы құнарлы қара топыраққа айналдырады. Дайын болған биогумусты алқапты егіншілікте, жылылайларда пайдаланған өте қолайлы. Құнарлы топырақ тамырлы көкөніс өсіруде өнімді арттырады.

Биогумус өндіруге бел буған Тастанова Дамира 30 шаршы метр көңде 90 мың шылаушын, Сарманова Ләйла 20 шаршы метр көңде 60 мың шылаушын, Дүйсебеков Акылбек 30 шаршы метр көңде 90 мың шылаушын асырап отыр. Орта есеппен 30 шаршы метр көңнен 4 куб биогумус өндіріледі. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына өте тиімді, көп қаржылық шығынды қажет етпейтін кәсіп түрін тұрғындар дамытуды жоспарлап отыр.

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

ТУРКЕСТАН: В КАЗЫГУРТЕ РАЗВИВАЕТСЯ ПРОИЗВОДСТВО ОРГАНИЧЕСКИХ УДОБРЕНИЙ

В Казыгуртском районе развивается выращивание дождевых червей и производство плодородной почвы. Жители поселка Каржан Алтынтобинского сельского округа выращивают красного калифорнийского червя для удобрения земли на частном подворье. Эффективность этого бизнеса в том, что калифорнийские черви превращают навоз в плодородный чернозем, «переваривая» навоз, которого достаточно в селах. Готовый биогумус используется в полеводстве и теплицах. Плодородная почва повышает продуктивность выращивания корнеплодов.

Тастанова Дамира, решившая производить биогумус, планирует вырастить 90 000 червей на 30 квадратных метрах навоза, Сарманова Лайла — 60 000 червей на 20 квадратных метрах, Дуйсебеков Акылбек — 90 000 червей на 30 квадратных метрах навоза. По примерным расчетам с 30 квадратных метров можно произвести 4 кубометров биогумуса. Жители планируют дальше развивать этот вид бизнеса, который не требует больших финансовых затрат и эффективен для самозанятости.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ БОЙЫНША СALL-ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Алдыңғы

БІРҚАТАР МИНИСТРЛІККЕ ҚОСЫМША ҚҰЗЫРЕТ БЕРІЛМЕК

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *