Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «АШЫҚ ҮКІМЕТ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА  

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы сәтті жүзеге асырылуда. Соның ішінде «Ашық үкімет» жобасын атап айтуға болады. Оның мақсаты — ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту.

«Ашық үкімет» 4 түрлі компоненттен тұрады. Соның ішінде «Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған. Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының мәліметіне сүйенсек, өткен 2022 жылы қаладағы мемлекеттік органдардың атына бұл портал арқылы 283 өтініш түскен, оның барлығына уақытылы жауап берілген.

«Ашық деректер» компонентіне Шымкент қаласындағы мемлекеттік органдар 13 сала бойынша 62 деректер жиынтығын орналастырған. «Ашық НҚА» компонент бойынша 2022 жылдың 10 айында Шымкент қаласындағы мемлекеттік органдар тарапынан 133 нормативтік-құқықтық актінің жобасы орналастырылған. Оларға портал пайдаланушыларынан 307 түсініктеме мен ұсыныстар келіп түсіп, олардың барлығына мүдделі мемлекеттік органдар жауап берді.

Сонымен қатар «Ашық бюджеттер» порталына Шымкент қаласындағы мүдделі мемлекеттік органдар 2022 жылы жалпы саны 322 бюджеттік жоба мен 27 бекітілген бағдарламаны енгізген. Орналастырылған әр жобаға келіп түскен пікірлер мен сауалдарға тұрақты түрде жауап беріліп келеді. Бұл өз кезегінде Шымкент қаласы басшылығының және құзырлы мекемелердің халықпен кері байланысының жақсара түскенін көрсетеді.

«Шымкент келбеті»

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУЫНА ТҮСКЕ ДЕЙІН 150-ден АСТАМ АЗАМАТ КЕЛДІ  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН 130-ДАН АСА АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *