Қоғам

САЙЛАУ АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛ ӨТТІ

Менің ойымша, Президент сайлауы әділ, әрі ашық өтті. Қазақстан Республикасының жарқын болашағы кешегі сайлаумен тікелей байланысты болмақ.

Еліміздің алға қойған мақсаттарға жету жолындағы саяси өзгерістер осы сайлаумен басталмақ! Өз елімнің жарқын болашағы үшін біз де отбасымызбен атсалысып, өз таңдауымызды жасадық.

Сайлау ұлттық заңнамалар мен халықаралық стандарттарға сай өткізілді. Дауыс беру барысын бірнеше отандық және халықаралық бақылаушылар бақылап отырды. Президентіміз Қ.Тоқаев: «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін үкімет жүйесін құрамыз», — деп халықтың көңіліне қуаныш сыйлады. Ендеше, халықтың таңдауына ие болып сайланған Президентіміздің саясаты аясында бәріміз бірлік пен татулықты ту етейік.

Асқар МАХАЖАНОВ,

Ақсукент ауылының тұрғыны

Түркістан облысы

ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН

Алдыңғы

РЕФОРМАЛАР НӘТИЖЕСІ ХАЛЫҚТЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒЫП ЖАТЫР  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *